Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


«Тәрбие жұмысы» ұғымы, көптүрлілігі және жүйелілігі



Pdf көрінісі
бет14/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

«Тәрбие жұмысы» ұғымы, көптүрлілігі және жүйелілігі 
Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі
біріншіден,
ұрпақтан-ұрпаққа 
әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және 
дағдыларын беру процесі. 
Екіншіден,
адам баласында адамгершілік сапа 
қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбие жұмысы – 
сынып жетекшісінің кәсіби қызметін жүзеге асыруда 
тұлғаға жасаған ықпалы және мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі 
педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруы болып табылады. 
Тәрбие жұмысы сынып жетекшісінің белсенді басшылығымен, шебер 
ұйымдастырушылығымен тәрбиенің түрлеріне сәйкес белгілі нысананы көздей 
отырып, шығармашылық тұрғыда жүргізіледі (5-сурет). 
Ақыл-ой тәрбиесі 
қоршаған әлемге, өзіне, өзгелерге эмоционалды 
құндылықты қатынасының қалыптасуымен, өздігінен білім алу қажеттілігінің 
дамуымен, тұлғаның интеллектуалды әлеуетін дамытумен, интеллектуалды, 
көптілді мәдениет, ой-қызметі мәдениеті саласында ойлау қабілетін, оқу-
танымдық 
қызметінің 
функционалдық 
сауаттылық, 
компьютерлік 
сауаттылықты меңгеру процесінде ақпараттық мәдениетке дағдылануымен 
анықталады. 
Адамгершілік тәрбиесі 
– жеке тұлғаның қоғамдық мораль талаптарына сай 
санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал етуі.
Еңбек тәрбиесі 
еңбекке деген қатынасты, рухани және материалдық 
игілікті жасауға деген жеке тұлғаның әрекетін мақсатты қалыптастыру процесі. 
Эстетикалық тәрбие 
болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті 
дұрыс қабылдауға, эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды қалыптастыруға 
тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін
қажетсінуін қалыптастырады. 


19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет