Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Балалар мен оқушы жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу



Pdf көрінісі
бет141/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Балалар мен оқушы жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу 
жүйесін жетілдіру 
Тәуелсіз еліміздің дамуының бірден бір ерекшелігі – қоғам өміріндегі 
діннің нығаюы болып табылады. Баршамызға белгілі, соңғы уақыттарда дінге 
сенушілер саны көбеймесе азайған емес. Соның ішінде халқымыздың 70 %-дан 
астамы ислам дінін ұстанады. Қазіргі таңдағы ең маңызды мәселенің бірі – 
қоғамдағы діннің рөлі. Еліміздегі діни ахуал, діни сенім, қоғамдық сана мен 
мәдениетіміз де үлкен орынға ие. Сонымен қатар, шын мәнінде діннің рухани 
қуаты, ғасырлармен шыңдалған адамгершілік қағидалары, ел бірлігі мен 
адамдар татулығының, әсіресе жастардың рухани, моральдық тәрбиесінің 
қайнар көзі болып табылатындығын айта отырып, мемлекеттік деңгейдегі осы 
26%
16%
40.5 %
17.5 %
Қиын балалар
Жағдайы жоқ отбасы
Қараусыз қалған балалар
Тәрбиеден тыс қалған 
балалар


183
маңызды мәселелерге байланысты мемлекет, қоғамдық бірлестіктер және 
үкіметтік емес ұйымдар тарапынан, жастардың тәрбиесіне кері әсер беретін жат 
діни ағымдардың мәнін түсіндіру және балалар мен жастар арасында діни 
экстремизмнің алдын алу жүйесін жетілдіруді тұрақты түрде ұйымдастыру. 
Экстремизм – бұл жеке және заңды тұлғаның, жеке және заңды тұлғалар 
бірлестігінің белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған ұйымдардың 
атынан іс-әрекеттер ұйымдастыруы және жасауы. 
Жеке және заңды тұлғаның, жеке және заңды тұлғалар бірлестігінің
төмендегідей экстремистік мақсаттары: 
-
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен 
өзгертуді, егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және 
бөлінбеуін бұзуды, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне 
нұқсан келтіруді, өкіметті күшпен басып алуды немесе өкіметті күшпен ұстап 
тұруды, заңсыз әскерилендірілген құрылымдарды құруды, оған басшылық 
жасауды және қатысуды, қарулы бүлік ұйымдастыруды және оған қатысуды, 
әлеуметтік, тектік-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмді); 
-
нәсілдік, 
ұлттық 
және 
рулық 
алауыздықты, 
соның 
ішінде
зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты 
алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизмді); 
-
діни 
өшпенділікті 
немесе 
алауыздықты, 
соның 
ішінде
зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты 
алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, 
денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер 
төндіретін кез келген діни практиканы қолдануды (діни экстремизмді) 
көздейтін іс-әрекет ұйымдастыруы және жасауы. 
Экстремизмнің алдын алу

экстремизмнен сақтандыруға бағытталған 
құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар 
жүйесі. 
Діни экстремизм – қоғамға қауіп төндіретін қылмыстық іс-әрекет болып 
табылады. Діни экстремизмнің қауіп төндіретін негізгі объектісі – қоғамдық 
қауіпсіздік. Әрине, бұл қылмыс түрі экстремистік сана мен белсенді 
әрекеттерден туындайды. 
Қазақстан Республикасы аумағында жасөспірімдер арасында діни 
экстремизмнің алдын алу жүйесін жетілдіру мен күресудің маңызы ерекше. 
Себебі, Қазақстанда 130 жуық ұлттар мен этностар тұрады. Сонымен қатар 47 
конфессияға қарасты 4000 астам тіркелген діни бірлестіктер өз қызметтерін 
жүргізуде. Ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау – мемлекеттің ең 
басты міндеті. Қоғам болғандықтан әртүрлі қылмыстар болуы мүмкін. 
Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – мемлекет аумағында тұрып жатқан 
ұлттардың, қоғамның және барлық азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен 
заңды мүдделерін қорғау. 
 
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі 
ретінде терроризм, жалпы экстремизм түрлерімен, оның ішінде діни 
экстремизм мен Халықаралық заңдарға сәйкес, Халықаралық ұйымдар 
шеңберінде күресіп келеді.


184
Қазақстан Республикасы аумағында құқық қорғау органдары діни 
экстремизммен 
күресу 
үшін 
әуелі 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясына, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және де өзге 
де нормативтік құқықтық актілерге сүйенеді.
А.Д.Дәрменов экстремизмнің алдын алу үшін оған қарсы күресуші 
субьектілерді екі топқа бөледі:
1)
мемлекеттік институттар (заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесі);
2)
саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер, бұқаралық ақпарат 
құралдары, сонымен қатар экстремизмді ескертуге, алдын алуға мүмкіншілігі 
бар тұлғалар.
Білім саласындағы орталық атқарушы орган білім беру ұйымдарында 
балалардың экстремизм идеяларын қабылдамауын, халықаралық құқық пен 
ізгіліктің көпшілік таныған принциптерін құрметтеуін, қалыптастыруға 
бағытталған тәрбиелік бағдарламалардың бекітілуін және іске асырылуын 
қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет