194
мақсатында балалар психологтары Хоан мен Кафф ата-аналар үшін сауалнама
ұсынады. Бұл сауалнама арқылы бала бойынан 8 қабілет анықталады:
техникалық;
музыкалық;
зерттеу қызметі;
әртістік;
интеллектілік ерекшелігі;
спорттық;
әдеби;
сурет салу.
Психология
саласында
бала
дарындылығының
диагностикасы
2 деңгейде қарастырылады: теориялық және әдістемелік.
Бірінші деңгей –
теориялық
әдістерді өткізуге
және өңдеуге арналған
бағдарламаға қызмет ететін дарындылық тұжырымдамасын анықтайды. Бұл
әдістердің нәтижесі болашақта әрбір баланы оқыту және дамыту мәселелерінің
дидактикалық аспектілерін өңдеуге негіз болып табылады.
Екінші деңгей –
әдістемелік.
Дарындылық концепциясының қабылданған
мақсаты
мен
дарынды
балаларды
теңестіруге
мүмкіндік
беретін
бағдарламаларды өңдейтін және дамытатын психологиялық-диагностикалық
шаралардың алға қойған мақсатын сәйкестендіріп өңдейді және жинақтайды.
Диагностика – оқу-тәрбие процесінің жемісі мен нәтижесі жөніндегі
ақпараттарды алу үшін қолданылатын тәсілдер.
Диагностика міндеттері:
балалар дамуының барысы мен нәтижесін талдау (баланың
білімге
дайындығы, психикалық жетілу деңгейі, білім жолында ілгерірек қарқыны
және т.б.);
оқу процесі мен оның нәтижесін талдау (сауаттылық
көлемі мен
тереңдігі, игерілгенді қолдану ептілігі, ойлау деңгейі,
шығармашылық
іс-әрекетке қабілеті және т.б.);
тәрбие процесі мен ондағы жетістіктерге талдау беру (тәрбиелік деңгейі,
адамгершілік сенім-наным тереңдігі мен қуаты, адамгершілік мінез-құлық
бітістерінің қалыптасу деңгейі және т.б.).
Диагностика принциптері 63-суретте көрсетілді.
Диагностика принциптері:
Ұзақ уақыттылық принципі.
Бала
дамуының деңгейін анықтауға
бағытталған психологиялық-диагностикалық зерттеудің ұзақ уақытқа созылуы.
Тренингтік әдістер мен тәсілдерді қолдану принципі.
Дарынды балаға
дамытушылық ықпал ете отырып, оның психологиялық
кедергілерін жоюға
мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді үзбей пайдалану.
Кешенді бағалау принципі.
Баланың қабілеттерін кең көлемде қамтуға
мүмкіндік беретін, мінез-құлқы мен іс-әрекетін,
интеллектуалдық қабілетінің
даму деңгейін жан-жақты және кешенді сипатта бағалау.
195
Жоғары санатты тәжірибелі мамандарды тарту принципі.
Баланың
бойындағы дарынды бағалауда ата-ана, педагог және психологты,
сондай-ақ
басқа да жоғары санатты тәжірибелі мамандарды тарту.
Экологиялық әдіс диагностикасына сүйену принципі.
Баланың білімін,
ойлауын, сезім еркінің бірлігін зертханалық жағдайда ғана айқындамай,
«шынайы» жағдайдағы мінез-құлқын бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: