Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-58. Өзара әрекеттестікте жұмыс жасайтын мекемелер



Pdf көрінісі
бет139/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
Сурет-58. Өзара әрекеттестікте жұмыс жасайтын мекемелер 
Өзара әрекеттестікте жұмыс жасайтын мекемелер
Аудандық, қалалық, әкімшілік жанындағы кәмелетке 
толмағандардың ісі және олардың құқықтарын 
қорғау жөніндегі комиссия
Кәмелетке жасы толмағандар ісі 
жөніндегі инспекция
Жол полициясы
Психологиялық-педагогикалық кабинет
Наркологиялық-дәрігерлік орталық
Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
Балалар құқығын қорғау департаменті
Бұқаралық ақпарат құралдары


180
 
Мектептен тыс қоғамдық ұйымдар 

әуез, өнер мектептері, спорт мектебі, 
мәдениет үйі, орталық кітапхана және т.б. түрлі мекемелер (59-сурет). 
 
Сурет-59. Мектептен тыс қоғамдық ұйымдар 
 
Балалар мен оқушы жастар арасында жағымсыз көріністерді жоюды 
қамтамасыз етуге қабілетті, баланың қараусыздығының алдын алу 
жүйесін жетілдіру 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан 
халқына Жолдауында: «...жастар соның ішінде әсіресе, өсіп келе жатқан ұрпақ 
тәрбиесі оларды саламатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Сондықтан, 
халық арасында, оқу және тәрбие орындарында саламатты өмір салтын 
насихаттайтын пәрменді іс-шаралар жүргізілуі тиіс» – деп, іс-шаралардың 
төмендегідей негізгі бағыттарын жүзеге асыру жағы нақтыланып, ұсынылды: 
-
нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес; 
-
темекі мен ішімдікті тұтынуды қысқарту; 
-
ана мен баланың денсаулығын жақсарту. 
Жасөспірімдердің бойын ауытқымалы мінез-құлық нышандарынан арылту 
арқылы олардың бойына қоғамда қабылданып, орнығып келе жатқан рухани 
жаңа 
құндылықтық 
бағдарларды, 
соның 
ішінде 
ұлтжандылықты, 
азаматтылықты, жоғары моральдық және адамгершілік қадір-қасиеттер мен 
мұраттарды, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың 
талаптарын орындаушылықты қалыптастыру, жалпы орта білім беретін 
мектептердегі оқу-тәрбие процестерінің негізгі міндеттерінің бірінен саналады. 
Себебі, қазіргі кезеңде қоғам өмірінің кейбір жақтарын қамтып отырған 
әлеуметтік дағдарыс (жұмыссыз жүрген бұқара көпшілік), жастар бойында 
(оның ішінде балалар да бар) моральдық тұрғыдан терең күйзеліс сезімін 
тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналып барады. 
Қазіргі кезеңде әлеуметтік педагогтар балалар арасында жағымсыз 
көріністерді жою және баланың қараусыздығының алдын алу жүйесін 
жетілдіруде, мектептің тәрбие ісінде басшылыққа алуына болатындай 
көптеген төмендегідей оң ұсыныстар беріп отыр:

баладағы құндылық бағдарының мазмұнын анықтау; 

отбасы тұрмысындағы қарым-қатынастарды, сәтсіздіктерді, бала 
тәртібін қадағалаудағы ата-ананың іс-әрекеттерін зерделеу; 

баланың сабақтан тысқары уақытын қадағалау; 
Әуез, өнер
 
мектептері
Спорт
мектебі
Мәдениет
үйі
Орталық 
кітапхана


181

баланың шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық деңгейін 
зерттеу; 

баланың девиантты тәртібінің себептерін анықтау; 

балаға көмек көрсету үшін мақсатты және жүйелі түрде тәрбие 
жұмысын жүргізу және т.б.
Ұлы педагог А.С.Макаренко бойынша сынып жетекшісінің қиын 
балалармен атқаратын жұмыстары: 
-
қиын баланың пайда болу себеп-салдарын білу және әрбір баланың
өзіндік ерекшеліктерін, тәрбие жағдайын анықтау; 
-
мінез-құлқында аз да болса оң өзгеріс байқалса, соны дамытып, өрбіту, 
яғни теріс қылықтарына өзін қарсы қойып, өзін қайта тәрбиелеуге дайындау; 
-
отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді жою, ата-ана мен бала арасындағы 
қатынасты жүйеге түсіру; 
-
қиын баланың ынта-ықыласын, талап-тілегін, қызығушылығын ескеріп, 
қоғамдық пайдалы еңбектерге қатыстырып, тапсырмаларды бар зейінімен 
орындауға бетбұрыс жасату; 
-
өзін-өзі қайта тәрбиелеуге қабілеті жететініне сенімін арттыру, жеке 
басын құрметтеуге үйрету, барша балаға біркелкі талаптар қою, педагогикалық 
ынтымақтастық қатынаста болу. 
Сондай-ақ, отбасының көшіп-қонуы, баланың мектеп ауыстырып, ол 
мектепке үйренуі, сыныптағы балалармен тіл табысуы баланың үлгеріміне, 
тәрбиесіне сыныптық, мектепішілік, қоғамдық жұмыстарға қатысуына кедергі 
жасайтыны белгілі. Осыған орай, сынып жетекшілерінің балалар арасында 
жағымсыз көріністерді болдырмауда балаға назар аударып, оған керекті, қолдан 
келер бар жағдайды жасап, қадағалағандары дұрыс.
Қиын баласы бар ата-ананың жіберетін басты қателігі – оларда 
педагогикалық білімнің жетіспеушілігі, тіпті кейбір тәрбиелі деген 
отбасының өзі педагогикаға қарама-қайшы тәрбие береді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет