208
Оның шынайы өмірге
құндылықтық қатынасы
тек сана негізінде болуы
мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның
құндылығы неде екенін зерттейді.
Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі.
Мәдениеттің құрамдас бөлігі
болуы себепті, құндылық жеке тұлғаның өзін ұстауын реттейді, олардың
шынайы тәртібін айқындайды.
«Саламаттылық» – әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі
жағдайы.
Өмір салты – оған жеке тұлғаның денелік, интеллектуалдық және еңбек
әрекетін,
тұрмыстық
өзара
қарым-қатынасын,
дағдысын,
орныққан
мінез-құлқын, өмір сүру қарқынын,
бірсарынды жұмысын, демалысын және
қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, өмір салты – деннің
саулығына нәтижелі ықпал ететін саламатты өмір сүруді білдіреді.
Саламатты өмір салты
–
физикалық және психикалық денсаулықты
сақтауға және нығайтуға, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіруге апаратын,
ерік-жігердің көрінуін, іс-әрекет пен мінез-құлықты түсінуді талап ететін жеке
тұлғаның белсенді жағдайы.
Денсаулық пен саламатты өмір салтына құндылық қатынасын
қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық шарттары
Қазіргі уақыттағы
әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің
төмендеуі және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл
халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Назарбаевтың
«Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында: «...азаматтарымыздың өз
өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза
болуы үшін» тәрбиеленушілерді саламатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі
көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта
Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, саламатты
өмір салтын мұрат
тұтқан тәрбиеленушілерді яғни, жеке тұлғаны тәрбиелеу
басты талап етіп қойылған.
Халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші
емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени
әлеует болып табылады.
Қазіргі
кездегі
жас
ұрпақ
денсаулығының
нашарлау
себебі,
тәрбиеленушілердің имандылық-рухани құндылығының күрт төмендеуінен,
санитарлық
мәдениеттің
жеткіліксіздігінен,
қарапайым
гигиеналық
дағдылардың болмауынан және өз денсаулығына жауапсыз қарағандығынан
болып табылады.
Саламатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыруда
қойылатын міндеттер:
саламатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру жөнінде
мамандарды көпдеңгейлі дайындықтан өткізу үшін, мемлекеттік жалпы орта
білім беретін стандартты жасау;
209
тәрбиеленушілердің саламатты өмір салтына құндылық қатынасын
қалыптастыруды, білім беру бағдарламалары арқылы арттыру;
саламатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың
жүйеге келтірілген кешенді жаңа үлгісін жасау;
бағдарламалардағы
мәліметтердің
компьютерлік
(ақпараттық)
жиынтығын, оқу құралдарын, оқу фильмдерін және т.б. дайындау;
саламатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру саласында
қолданбалы зерттеулердің маңызын арттыру;
зиянды заттардың (темекі, ішімдік, улы есірткілі заттар және т.б.) алдын
алу жөніндегі әртүрлі педагогикалық технологияларды дайындау;
денсаулықты нығайту орталығын ашу;
саламатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың
инфрақұрылымын дамыту (спорттық базалар, спорттық ойындарға арналған
алаңша, спорт түрлерін іріктеу және т.б.).
Денсаулық пен саламатты өмір салтына құндылық қатынасын
қалыптастыруды жүзеге асыру төмендегідей мәселелердің шешілуін талап
етеді:
құқықтық ортамен қамтамасыз ету;
ақпарат рөлін арттыру;
саламаттанудан білім беру рөлін күшейту, білім беру ұйымдарында
саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі оқу-әдістемелік орталық құру;
саламатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру бойынша
қолданбалы зерттеулердің рөлін арттыру.
«Саламаттану – денсаулықты сақтау» бағдарламасы жеке тұлға мен
бүтіндей қоғамды өз денсаулығына жаңаша көзқараспен қарауын
қалыптастыру, тіршілік пен мекен ортасының сапасын көтеру арқылы,
мектеп
жасындағы тәрбиеленушілер мен жастар денсаулығын жақсартуға бағытталған.
Бағдарламаны ендіру төмендегідей мүмкіндіктер тудырады:
1)
мектеп жасындағы тәрбиеленушілер мен жастар денсаулығын нығайту;
2)
гигиеналық сауаттылықты арттыру;
3)
денсаулықты сақтау әдістері мен қағидаларын қалыптастыру;
4)
саламатты өмір салтының негіздері мен түрлерін танып білу;
5)
психологиялық алдын алу және психологиялық гигиенаның әдістерін
қолдану;
6)
өз денсаулығын сақтауға жауапкершілікті арттыру;
7)
мектеп жасындағы тәрбиеленушілердің дене қимылдары белсенділігін
күшейту;
8)
түрлі жұқпалы және тәндік созылмалы аурулардың пайда болуынан
сақтандыру;
9)
ауырсындыратын әуестіктерге – темекі, ішімдік, есірткі және уытты
заттарды пайдалануға жиіркенішпен қарауға үйрету;
10)
адамгершілік-имандылық негіздер және соларға барабар әлеуметтік
мінез-құлыққа жаттықтыру.
Болашақта білім бағдарламаларын жетілдіру,
саламаттанудан оқулықтар
мен оқу-әдістемелік кешендер шығару, жеке мінез-құлықты және денсаулық
мүддесіндегі құндылықты дамытуда, жаппай ақпарат құралдарының тиімділігін
210
көтеру, саламатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру
проблемаларынан, халықаралық қызметтестік пен ақпарат алмасуды дамыту
қарастырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: