Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет160/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
 
Ги де Мопассан 
(1850-1893) 
Білгенге маржан 
 

Өзін 
сыйлай 
білмеу 
– 
бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу – 
ақымақтық 
 
 
 
10-тақырып. Оқушылардың денсаулық пен саламатты өмір салтына 
құндылық қатынасын қалыптастырудағы
сынып жетекшісінің іс-әрекеті 
 
«Құндылық», «құндылық қатынас», «саламатты өмір салты» 
ұғымдары 
Құндылық 

объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін 
философиялық-әлеуметтік ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің 
заңдылықтары жайлы түсінік ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. 


207
Құндылық ұғымына тұңғыш философиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген 
берді. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылықтың әртүрлі көріністеріне 
жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарда жеке тұлғаның іс-әрекетін 
бағалауда пайдаланылатын, сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік
 
секілді 
этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды.
«Құндылық» ұғымының мазмұнынан С.Ф.Анисимов, А.Г.Здравомыслов, 
М.С.Каган, В.П.Тугаринов, В.А.Ядов және т.б. ғалымдар қоғамдық сананың 
барлық түрлерінің белгілерін айқындайды.
67-суретте қоғамдық сананың белгілері берілді. 
 
 
 
 
 
 
Сурет-67. Қоғамдық сананың белгілері 
 
В.Т.Тугаринов жеке тұлға нені қастерлейді, соның барлығы құндылық деп 
анықтайды. Ол – зат, табиғат құбылыстары, қоғамдық процестер, жеке 
тұлғаның іс-әрекеттері, мәдени құбылыстары болуы мүмкін. 
М.Г.Казакинаның анықтамасы бойынша, құндылық – бұл сыртқы құбылыс 
(зат, құбылыс, іс-әрекет), сананың дәлелі (идеал, бейне, ғылыми концепция); 
құндылық – бұл, біз баға беретін объект.
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген 
сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын, қоршаған ортасына сәйкес 
бірге қалыптасады.
Құндылық объектінің жеке тұлға үшін қаншалықты маңызды екендігін 
айқындайды.
Ол 
пәндік
және 
субъективтік
деген екі бөліктен тұрады. Пәндік 
және субъективтік құндылық – жеке тұлғаның дүниеге қатынасының екі жағы, 
біріншісі – оның объектісі, екіншісі – субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық – 
баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық – олардың өлшемі мен әдісі 
болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің 
өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар
ғылыми ақиқаттың теориясы, маңызы мен тәжірибелік пайдасы, жеке тұлғаның 
іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық 
объектілердің эстетикалық
 
қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына 
қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда 
кездесетін түрлі нормалар жатады. Құндылықтар өмірге, еңбекке, 
шығармашылыққа, жеке тұлға өмірінің мәніне және т.б. баға беру қатынасынан 
тұрады. Құндылықтар жеке тұлға мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, 
заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Жеке тұлға 
өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет