Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-72. Педагогикалық саламаттанудың бағыттары



Pdf көрінісі
бет166/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
Сурет-72. Педагогикалық саламаттанудың бағыттары 
 
Саламатты өмір салтын үздіксіз қалыптастыру ұлттық білім беру жүйесі 
үлгісінің құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
 
Еңбек күн тәртібі мен демалысты ұйымдастыру әдістемесі 
Дені сау, ішкі жан дүниесі мен сыртқы дене бітімі қатар дамыған өскелең 
ұрпақты тәрбиелеу үшін саламатты өмір салтын қалыптастырудағы еңбек күн 
тәртібі кестесінің (режим) гигиеналық тұстары жақсы ойластырылуы қажет.
Еңбек күн тәртiбі дегеніміз – бұл қызмет және демалыстың барлық 
түрлерiне тиiмдi уақытты реттеудің бір түрі. 
Мектептегі еңбек күн тәртiбiнiң негiзгi элементтерiне жататындар: 

жеке таңдау бойынша жаттығу сабақтары; 

тамақтың құнарлы болуы; 

көңілді демалыс; 

тыныш ұйқы; 

еркiн қызмет және т.б.
73-суретте күн тәртібінің құрамдас бөліктері ашылды. 
Психологиялық, 
педагогикалық, 
медициналық, 
қызметтер
Балалар 
денсаулығын 
сауықтыру 
орталықтары 
және 
денсаулық 
мектептері
Кешенді 
сауықтыру 
бағдарламалары
Саламаттанулық 
білім беру 
бағдарламаларын, 
оқу-әдістемелік 
кешендерін әзірлеу 
және оларды
іс-тәжірибеге 
ендіру


218
Сурет-73. Күн тәртібінің құрамдас бөліктері 
 
Еңбек күн тәртібімен қоса, демалысты дұрыс ұйымдастыру да бар. Бұл 
әркім үшін әртүрлі сипатта болады. Біреулер толыққанды тыныштықты, енді 
біреулер еркіндікті, тағы біреулер өздері сүйетін іспен айналысуды, саяхат 
жасауды, отбасымен аптасына бір рет табиғат аясына шығуды, би кештеріне 
қатысуды қалайды. Күнделікті бір мәрте дене шынықтыру, ұйықтап алу, серуен 
құру және т.б. қысқа мерзімді демалыс жасауды әдетке айналдыру қажет. 
Басқалармен қарым-қатынаста, отбасында, мектепте, табиғат аясында, мәдени 
орындарда да демалу үлгісін қалыптастыруға болады. 
Оқушыларды белгіленген күн тәртібі жоспарын ұстануға үйретуді өте ерте 
кезден бастап баули бастаған дұрыс. Өйткені, ерте кезден бойына сіңіп, 
қалыптасып қалған тәртіптілікті, еңбекке деген ынтызарлық пен дұрыс демала 
білу ережелерін ер жете бастаған бала әрдайым сақтауға тырысады. 
Оқушылардың қатты шаршауына жол бермеу, барлық жастағы бала 
тәрбиесінің негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан, оқушылардың күн 
тәртібі кестесін дұрыс құрудың басты мақсаты – оқушы денсаулығын 
нығайтып, ауруға мейлінше жол бермеу. 
Олай болса, оқушының денсаулығын анықтайтын ең маңызды фактор – 
өмір салты, яғни еңбек және демалыс тәртібі, қозғалыс мәдениеті, дене және 
ойлау белсенділігі, тамақтануы, шынығуы, қарым-қатынас және тілдесу 
мәдениеті және т.б. Оқушының өмір салты балалық шақтан қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет