Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет237/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Білім беруді дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасын іске 
асыру жөніндегі педагогикалық 
ұжымның күшін біріктіру
Педагогикалық ғылым мен озық 
тәжірибелер жетістіктерін 
практикаға енгізу
Білім беру ұйымдарының 
педагогикалық ұжымының 
қызметін педагогикалық жұмысты 
және оқу-тәрбие жұмыстарын 
жетілдіруге бағыттау
Білім алушылардың 
(тәрбиеленушілердің) ауысуына 
және бітіріп шығуына қатысты 
мәселелерді шешу
Педагогикалық
кеңестің
міндеттері


303
Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін, педагогикалық 
кеңес отырысында қаралатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін 
жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. 
Педагогикалық кеңеске жылына 5 реттен кем жиналмайды. Кеңестің 
кезекті отырысында төраға өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалу 
нәтижесі туралы баяндайды. Педагогикалық кеңестің шешімі қарапайым, жай 
дауыс берумен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда, төраға дауыс берген, 
шешім қабылданған болып есептеледі. 
Сондай-ақ, әдістемелік бірлестік – бір немесе бірнеше оқу пәндері 
бойынша әдістемелік, тәжірибелік және сыныптан тыс жұмысқа жетекшілікті 
жүзеге асыратын, жалпы орта білім беретін мекеменің әдістемелік қызметінің 
негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады. 
Әдістемелік бірлестік мектепте бір пән бойынша 3 мұғалім немесе бірнеше 
оқу пәндері бойынша құрылады. Сынып жетекшілері үшін де әдістемелік 
бірлестік құрылуы қажет. 
Сонымен, әдістемелік жұмыс жүйесі 101-суретте берілді. 
 
 
 
 
 
Сурет-101. Әдістемелік жұмыс жүйесі 
 
Әдістемелік бірлестікті тәжірибелі және білікті маман басқарады және 
оның отырыстары тоқсан бойынша 1 рет өткізіледі. Әдістемелік бірлестіктің 
жұмыс жоспары мектептің әдістемелік жұмысының құрамды бір бөлігі 
нәтижелерін талдау негізінде жасалады және сол жылға қойылған міндеттерден 
тұрады. Жоспарды әдістемелік бірлестік жетекшісі жасайды және жоспар 
педагогикалық кеңесте қарастырылады, мектеп директоры бекітеді. 
Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны: 

мемлекеттік стандарт талабын орындау; 

оқу сапасын жақсарту; 

оқу процесінде инновациялық, ақпараттық технологияларды саралап 
қолданудың тиімді жолдарын көрсету; 

озық тәжірибені зерттеу, жинақтау, талдау, қолдану; 

оқу бағдарламалары негізінде күнтізбелік жоспардың дұрыс және толық 
жазылуын бақылау; 

қолданбалы курстардың бағдарламаларын жасау, қарастыру, бекіту; 

теориялық, практикалық семинарлар ұйымдастыру; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет