ГЛОССАРИЙ Ата-аналар жиналысы – тәрбие тәжірибесін педагогика ғылымы негізінде
талдау формасы.
Ата-аналармен жұмыс – тәрбиешілердің ата-аналармен ынтымақтастығы,
тәрбиеленушілермен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының
басты кепілі.
Әлеуметтік белсенділік –
адамның
әлеуметтік
қарым-қатынас
жағдайындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын дайындығы.
Дарындылық – бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше
табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі.
Дебат – зияткерлік жарыс, өз көзқарасын және пікірін белсенді түрде
қорғауды дамыту біліктілігі.
Дөңгелек үстел – белгіленген мәселе бойынша пікір алмасуды
қарастыратын педагогикалық тәжірибені зерттеу түрі.
Жоспар – тәрбиеші педагогтың негізгі іс-әрекетінің бір бөлігі.
Жоспарлау – мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетінің
негізгі құрамды бөлігі және мектеп өмірінің қызықты, маңызды
шығармашылық бағытта жүргізуге арналған мақсат-міндеттерді ата-аналар
мен тәрбиеленушілер және мұғалімдердің бірлесіп шешуі.
Жауапкершілік – адам әрекетінің оның нәтижесінің моральдық нормаға
сәйкестігін және қылық салдарын сезіну.
Кәсіби бағыттылық – тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын тұрақты
мотивтер жиынтығы.
Кәсіби тәрбиелеу – педагог пен тәрбиеленушінің нақты кәсіби ортада
қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелері мен нормаларын игерудегі және
тәрбиеленушіде кәсіби қажетті және әлеуметті маңызды тұлғалық қасиеттерді
қалыптастыруда бірлесіп жасайтын қызмет.
Көзқарас – білім беретін мекемелер ұстазының немесе басшысының
педагогикалық қызметтеріндегі белгілі бір өзара байланысты түсіну, идеялар
мен тәсілдер жиынтығын қолдануға ниеттенген іс-әрекеттерін жүзеге асыруда
алатын бағыты.