Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Субмәдениет –  жергілікті, этникалық және діни ерекшеліктерді көрсететін  қоғам ішіндегі мәдени топ



Pdf көрінісі
бет252/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Субмәдениет
– 
жергілікті, этникалық және діни ерекшеліктерді көрсететін 
қоғам ішіндегі мәдени топ.
 
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
– міндетті педагогикалық құжат.
Тұлға
– өзіне биологиялық және әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды 
меңгерген адам.
Топ
– қандай да бір ортақ ерекшеліктері немесе белгілеріне қарай жиналған 
адамдар жиынтығы. 
Тіл 
– адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-
мәдени құндылықтардың бірі. 
Тәрбие
– қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен 
тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері.
 
Тәрбие жұмысы 
– толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету 
мақсатында ересектер мен жасөспірімдердің бірлескен тіршілік әрекеттерін 
ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет. 
Тәрбие жүйесінің мазмұны 
– ғылыми білімдер, әртүрлі ақпараттар, құнды 
бағдарламалар және мәдениет жетістіктерінің жиынтығы.
Тәрбие технологиясы
– нақты тәрбиелік нәтижеге жетуде белгілі бір 
қабілетті және бірізділікті жүзеге асыратын операциялардың жиынтығы. 
Толеранттық
(лат. tolerantia – төзім) – қайсыбір жағымсыз факторға жауап 
әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің 
нәтижесі.
Тәртіптілік
– адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін және 
олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси-этностық 
және т.б.) берік сақтауын талап ететін жүйе.
Ұжым
(лат. collectivus – жинақталған) – бір мақсатқа жұмылдырылған, 
жалпы құнарлы бағдары бар, бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынасқа 
негізделген адамдардың әлеуметтік қоғамдық бірлестігі. 
Ұжым – 
қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізінде жалпы маңызды 
бағыттарға байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың әлеуметтік 
бірлестігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет