Қабілет – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін
жеке қасиеті.
Қарым-қатынас – ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және
байланысты жақсарту мақсатындағы күш-жігерді бipiктipy және үйлестіруге
бағытталған адамдардың өзара әрекеті.
Мінез-құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік
педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық
ерекшелік.
Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш
құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы.
Өзін-өзі тәрбиелеу – субъективтік мақсатта жеке тұлғаның мүддесінде
мақсатты түрде құрылатын және оның қасиеті мен қабілетінің дамуын саналы
басқаратын процесс.
Педагогикалық парадигма – білім беру мақсатын шешудегі белгілі
стандарт, қалыптасқан көзқарас
Педагогикалық жағдаят – нақты уақыт аралығында педагогикалық
жүйенің белгілі жағдайы.
Педагогикалық пікірталас (диспут) – педагогикалық мәдениетті
арттырудың ең бір қызықты формасы.
Пікірталас – қандай да бір даулы мәселе мен проблемалардың шешімін
табу мақсатында оларды талқылау.
Рефлексия (лат. reflexio – бейнелеп көрсету) – адам санасының өзін-өзі
білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Рөлдік ойындар – қатысушылардың педагогикалық білігі деңгейін
қалыптастырудың ұжымдық шығармашылық іс-әрекет формасы.
Саламаттылық – таза жүру, жаман әдеттен аулақ болу, оғаш қылық
көрсетпеу.
321
Скаутизм – мектептен тыс тәрбие жүйесі, скауттық ұйымдардың негізгі
әрекеті.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі – тәрбиеленуші тәрбиесі мен оларды
бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға
жағдай жасау.