Байланысты: аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады
І БӨЛІМ 1-бап Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға
дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа
бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.
2-бап 1.
Қатысушы мемлекеттер өздерінің юрисдикциясы шектерінде тұратын
әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе
қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне,
жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық,
этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың
денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына
қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді.
2.
Қатысушы мемлекеттер баланы кемсітушіліктің немесе баланың, оның
ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе отбасының өзге де
мүшелерінің
мәртебесінің,
қызметінің,
көзқарасының
немесе
сенім-нанымдарының негізінде жазалаудың барлық нысандарынан қорғауды
қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.
3-бап 1.
Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің, оларды әлеуметтік
қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке
мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы органдардың
қабылданғанына қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте баланың
мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.
2.
Қатысушы мемлекеттер заң бойынша бала үшін жауапкершілікті
мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да
адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі
үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және
осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын
қабылдайды.
Қатысушы мемлекеттер балалардың қамқорлығына немесе оларды
қорғауға жауапты мекемелердің, қызмет көрсетуші орындар мен органдардың
құзыретті органдар белгіленген нормаларға, атап айтқанда қауіпсіздік пен
денсаулық сақтау саласында және олардың персоналының саны мен
жарамдылығы, сондай-ақ құзыретті қадағалау тұрғысынан да сәйкес келуін
қамтамасыз етеді.