Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет259/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

17-бап 
Қатысушы мемлекеттер бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін 
таниды және баланың әртүрлі ұлттық және халықаралық материалдар көзіне, 
әсіресе баланың әлеуметтік, рухани және моральдық тұрғыдағы рухани 
ізгілігіне, сондай-ақ тән және психикалық жағынан саламатты дамуына 
жәрдемдесуге бағытталған материал көздеріне деген бостандығын қамтамасыз 
етеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер: 
а) бұқаралық ақпарат құралдарының бала үшін әлеуметтік және мәдени 
тұрғыда және 29-баптың рухында пайдалы ақпараттар мен материалдарды 
таратуын көтермелейді; 
ә) әртүрлі мәдени, ұлттық және халықаралық ақпарат көздерінен алынған 
осындай ақпараттар мен материалдарды даярлау, алмасу және таратуда 
халықаралық ынтымақтастықты көтермелейді; 


332
б) балалар әдебиетін басып шығаруды және таратуды көтермелейді; 
в) бұқаралық ақпарат құралдарының қайсыбір азшылық тобына немесе 
жергілікті халыққа тиесілі баланың тілдік қажеттіліктеріне ерекше назар 
аударуын көтермелейді; 
г) 13 және 18-баптардың ережелерін ескере отырып, баланың әл-ауқатына 
залал келтіретін ақпараттардан және материалдардан оны қорғаудың тиісті 
қағидаттарын әзірлеуді көтермелейді. 
18-бап 
1.
Қатысушы мемлекеттер ата-анасының екеуінің де баланың тәрбиесі мен 
дамуы үшін ортақ және бірдей жауапкершілігін тану қағидаттарын қамтамасыз 
ету үшін барлық мүмкін күш-жігерлерді қабылдайды. Ата-анасы немесе тиісті 
жағдайларда заңды қамқоршылары баланың тәрбиесі мен дамуы үшін негізгі 
жауапкершілікті мойнына алады. Баланың ең қажет мүдделері олардың негізгі 
қамқорлығының мәні болып табылады. 
2.
Осы Конвенцияда баяндалған құқықтарды жүзеге асыруға кепілдік беру 
және жәрдемдесу мақсаттарында қатысушы мемлекеттер ата-аналарға және 
заңды қамқоршыларға балаларды тәрбиелеу жөніндегі олардың өз міндеттерін 
орындауына тиісті көмек көрсетеді және балалар мекемелерінің желісін 
дамытуды қамтамасыз етеді. 
Қатысушы мемлекеттер ата-анасы жұмыс істейтін балалардың оларға 
күтім жасайтын қызмет орындарын және мекемелерді пайдалану құқығын 
қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. 
19-бап 
1.
Қатысушы 
мемлекеттер 
баланың 
тәніне 
жасалатын 
немесе 
психологиялық 
түрдегі 
зорлық-зомбылықтың, 
қорлау 
немесе 
теріс 
қылықтардың барлық нысандарынан, қамқорлықтың жоқ болуынан немесе 
немқұрайды қараудан, дөрекі қараудан не болмаса пайдаланудан,
ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе балаға қамқорлық жасаушы 
басқа адамның нәпсіқұмарлық қиянатынан қорғау мақсатында барлық заңды, 
әкімшілік, әлеуметтік және ағартушы шараларын қабылдайды. 
2.
Мұндай қорғау шаралары, қажет болған жағдайда, балаға және оған 
қамқорлық жасаушы адамдарға қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік 
бағдарламаларды жасау үшін, сондай-ақ жоғарыда аталғандай балаға 
мейірімсіздік жасалуына байланысты жағдайлардың алдын алу және анықтау, 
олар туралы хабарлау, істі қарау, тергеу жүргізу, емдеу және кейін 
қолданылатын шаралардан басқа да нысандарынан жүзеге асыру үшін,
сондай-ақ, қажет болған жағдайда, сот рәсімін қозғау үшін тиісті рәсімдерді 
қамтиды. 
20-бап 


333
1.
Отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған немесе өзінің ең 
қажетті мүддесі үшін мұндай ортада қала алмаған бала, мемлекет тарапынан 
көрсетілетін ерекше қорғау мен көмекті пайдалануға құқылы. 
2.
Қатысушы мемлекеттер осындай баланың күтімін алмастыруды 
өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес қамтамасыз етеді. 
3.
Бұл күтім, ішінара, баланы біреудің тәрбиесіне беруді, ислам заңы 
бойынша «кафала», асырап алуды, немесе қажет болған жағдайда, балаларға 
күтім көрсететін тиісті мекемелерге орналастыруды қамтуы мүмкін. Күтімді 
алмастыру түрлерін қарастырған кезде баланың тәлім-тәрбие сабақтастығын 
қалауы және оның этникалық тегі, дінге, мәдениетке қатысты және ана тілі 
тиісті түрде ескерілуге тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет