75
инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен
жиынтығының жүйесі, жобасы.
Педагогикалық технологияның негізгі сапалық ерекшеліктері:
концептуалдық негізінің болуы:
әрбір педагогикалық технология білім
беру мақсатына жетуге
негізделген философиялық, психологиялық,
дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық нақты ғылыми тұжырымдамаға
арқа сүйеуі қажет;
жүйелілігі:
педагогикалық жүйенің барлық бөліктерінің логикалық
байланыста болуы шарт;
басқаруға оңтайлығы:
оқыту процесін жоспарлау,
диагностикалық
болжау, мониторингтік бағалау, түзетулер енгізу мақсатында әдіс-тәсілдер мен
құралдарды түрлендіріп отыруы қажет;
тиімділігі:
білім беру стандартын қанағаттандыруы тиіс;
қайталауға жарамдылығы:
педагогикалық технологияны басқа білім
беру мекемелерінде, басқа ұжымда пайдалануға мүмкіндіктің болуы.
Тәрбие технологиясы – тәрбие процесіне қатысушыларды барынша жақсы
жағдайлармен қамтамасыз ету барысында нақты нәтижелерге жету мақсатымен
түзетулер, бағдарлау, ұйымдастыру, жобалау (жоспарлау) бойынша
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен қызметінің жүйесі.
Тәрбие технологиясы шамамен
алғанда педагогикалық тәсілдің, оның
тәрбиелік әдісінің аяқталған бөлігі. Сонымен бірге әрекет ретінде ол түрлі
әдістерге жанасуға бейім тұратын өзіндік құбылыс. Әрекет сияқты тәсілдің де
шешетін мәселесі тәрбие қызметін айқындаушы және оның себептерімен
арақатынаста болатын болса, оның мәртебесі артатын болады.
Тәрбие технологиясы – жекелеген процестердегі педагогикалық
міндеттерді шешуге бағытталған әдістер жүйесі: ұжымдық іс-әрекетті
ұйымдастыру тәсілі, тәрбиеленушілермен
қарым-қатынас орнату тәсілі,
педагогикалық диагностика тәсілі және т.б.
Тәрбиелеу технологиясының өзіндік ерекшеліктері:
1. Тәрбие процесінің өндірістік процестен айырмашылығы оның біртұтас
болуында. Тәрбие процесін жеке операцияларға бөліп-жаруға, жеке қасиеттер
қалыптастырып, педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске
асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді –
параллель схемада емес,
кешенді түрде орындалады.
2.
Сапаларды
қалыптастыру
әдістемесін,
яғни
«технологиялық
операцияларды» игеруші тұлғаларды тәрбиеге тарту мәселесін өте байыппен,
салмақты шешу керек. Тәрбиеші алдында технологиялық процесті басынан
аяғына дейін жүргізу қажеттілігі тұрады, яғни тәрбие жалпы технологияға
негізделген жеке шеберлікпен ұштасады.
3. Тәрбие технологиясы
барлық тәрбиешілерге ортақ, ол тұлғаны
жан-жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезеңдерімен толық
қабылдануы тиіс. Оларды анықтап,
нәтижеге жету, бағыт-бағдарын көрсету
педагогика ғылымының міндеті. Тәрбие мәселелерін технологиялық тұрғыда
шешуде әрбір тәрбиеші мақсатқа қол жеткізудің қиын жолын алдын-ала
76
белгілеген «өзекті нүктелердің» арасында өз мүмкіншілігіне және нақты
жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады.
Сондай-ақ, қазіргі тәрбие технологиясының талаптары 24-суретте ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: