77
Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және
технологиялық деңгейлері
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық құндылықтарды
өскелең ұрпақ бойына қалыптастыруда
оны ұтымды пайдаланудың
педагогикалық деңгейін анықтау аса маңызды міндеттердің біріне айналып
отыр.
Өмірге қарым-қатынасын қалыптастыратын тәрбие процесінің негізгі
мақсаты – тәрбие жұмысын жүзеге асыруда
жеке тұлғаның адамгершілік
қасиеттерін, ұлттық құндылықтарды құрметтеуін қалыптастыру арқылы
дүниетанымын дамыту.
Сонымен тәрбие жұмысын жүзеге асыруда оларды ұлттық құндылықтарды
құрметтеуге
тәрбиелеудің
педагогикалық
деңгейлері
төмендегідей
топтастырылады (25-сурет).
Сурет-25. Тәрбиелеудің педагогикалық деңгейлері
Теориялық деңгей
– тұлғалық-бағдарлық,
іс-әрекет және таным
теорияларына сүйене отырып, ұлттық құндылықтар туралы материалдардың
жүйеленуі. Тәрбиеленушінің тұлғалық мүмкіндіктерінің диагностикасын
енгізетін, тұлғаның дамуына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін,
оқу-тәрбие процесінің тұлғалық-бағдарлық бағытын күшейту,
ұжымда
психологиялық ахуалды сақтау, педагогикалық ынтымақтастықты іске асыруды
қамтамасыз етеді.
Технологиялық деңгей
Әдістемелік
деңгей
Теориялық деңгей
78
Әдістемелік деңгей
– жеке тұлғаның ұлттық құндылықтар туралы
білімдерін сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында дамытудың әдістері мен
тәсілдері; адами құндылықтарды құрметтеуге
тәрбиелеу мазмұны мен
құралдарының тәжірибелік жұмыста тексерілуі.
Технологиялық деңгей
– тәрбиенің стратегиясын анықтау, диагностика,
тиімді
ұйымдастырушылық құрылымын, тетігін, нобайын меңгеруді; жеке
тұлғаның өзін-өзі басқаруын, өзін-өзі бақылауын ұйымдастыруды; ақпараттық-
коммуникативтік
технология
құралдарымен
жеке
тұлғаның
ұлттық
құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуді қамтамасыз ететін белсенді
тәжірибелік-бағдарлық формалар
мен әдістерді пайдалануды; оқу-тәрбие
процесінің технологияландыру жақтарын қамтамасыздандырады.
Сонымен бірге әрбір тәрбиеленушінің тұлғалық ерекшелігін,
деңгейін
ескеруді; мақсатқа бағытталған рефлексияны жүзеге асыруды; жеке тұлғаның
ұлттық тәрбиелік және ұлттық құндылықтарды құрметтеу іс-әрекетіне
тәрбиешінің дайындығын қалыптастыруды жалпы тәрбие процесін әдістемелік
тұрғыдан қамтамасыздандырады.
Педагогикалық деңгейлердің іс-әрекетте жүзеге
асырылуы, олардың
өзіндік атқаратын қызметтеріне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: