16
VI.
Цитоплазманың ішіне қарай бағытталған, бұралып бірнеше қабаттан
тұратын құрылым-мезосома түзеді. Осындай құрылымның кейбіреулері
нуклеоидпен байланысқан және микробтың бӛлінуіне қатысады.
Цитоплазма бактерияның негізгі кӛлемін құрайды. Ол колоидты
мембрандық жүйеден тұрады. Цитоплазмада нуклеоид, рибосома, гликоген
гранулалары, әр түрлі қосындылар орналасқан. Цитоплазманың дәне тәріздес
болуы рибосомамен байланысты. Прокариоттардығы рибосоманың тұнбаға
түсу жылдамдығы 70S мӛлшері 15-20 нм, саны әр түрлі болуы мүмкін,
мысалы, ішек таяқшасының рибосомасы 15 мыңға дейін болады.
Жасушадағы ақуыздардың биологиялық синтезделуі полисомалардың
кӛмегімен атқарылады.
Бактериялық жасушаның цитоплазмалық қосындылары ақуыздық
мембранамен қоршалған. Цитоплазма ішінде қосындыларға қоректіқ қор
жатады.
Бактериялық жасушаның негізгі энергетикалық
қоры-
волютин.
Волютин дәндері оптикалық тығыз құрылым, мӛлшері 0,1-0,5 мкм,
метахроматикалық боялу қасиеті бар, яғни бояудан басқа түске боялады.
Волютин дәндері күл таяқшасында болады, екі шетінде орналасады,
дифференциалды диагностикалық белгі болып табылады. Бактериялардың
нуклеоиды-сақиналы тұйықталған қос тізбекшелі ДНҚ. Эукариоттардың
нағыз ядросы болады, ол прокариоттар нуклеоидында ядролық қабаты
болмайды, ядрошығы, ақуыз-гистоны жоқ митоздық тәсілмен бӛліну қабілеті
болмайды.Бактерия цитоплазмасында ядродан басқа хромосомадан тыс
орналасқан генетикалық элемент кездеседі. Ондай элементті плазмида деп
атайды. Плазмидалар әр түрлі болуы мүмкін. Олардың микробтарға, әр түрлі
антибиотиктерге тӛзімділік қасиетін колицин түзу, энтеротоксин, гемолизин
т.б бӛлу қабілеттілігін береді.
Достарыңызбен бөлісу: