Нуржігіт Алтынбеков сатылары.
Тарату материалы Бактериялық жасуша құрылысы.
Мӛлшерінің кішкентайлығына қарамастан кез-келген жасуша сияқты
бактериялық жасушаның барлық құрылым компоненттері бар: жасуша
қабырғасы,цитопазмалық мембрана, әр түрлі қосындылары бар цитоплазма
және нуклеоид.Аталғандар жасушаның басты құрылымдық компоненттері.
Тіршілік етудің кейбір кезеңдерінде пайда болатын қосымша құрылымдық
компоненттеріне -капсула,спора, талшықтар, кірпікшелер жатады.
Жасуша қабырғасы - жоғарғы дәрежеде созылмалы қабілеттілігі бар
биогетерополимер. Химиялық құрамы бойынша прокариоттардың жасуша
қабырғасы эукариотордан ерекшелігі бар. Оның негізгі компоненті
пептидогликан класына жататын-муреин. Муреин және оған қосылған
арнайы қосымша компоненттері бойынша барлық бактериялар грам оң және
грам теріс боялатын екі топқа бӛлінеді.
Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы мұғал болады, қалыңдығы
20-80 нм жетеді. Ол гомогенді құрылымнан тұрады және цитоплазмалық
мембранаға тығыз жабысын тұрады. Жасуша қабырғасындағы муреин оның
құрғақ массасының 50 ден 90 ға дейін процентін құрайды және муреинмен
тейхой қышқылы байланысқан.
Грам теріс бактерияладың жасуша қабырғасы жұқалау 14-17 нм.
Химиялық құрамы бойынша әр түрлі болады. Ішкі қабаты муреиннен тұрады.
Сыртқы қабаты фосфолипид , липополисахарид, липопротеид және
ақуыздан тұрады, олардың антигендік қасиеті болады.
Жасуша қабырғасы зақымданса қайта орнына келмейді, біраз уакыттан
кейін микроб тіршілігін жояды.
Жасуша қабырғасынан толық айырылған бактерияларды протопласт, ал
жасуша қабырғасынан жартылай айырылғандарды сферопласт деп атайды.
Жасуша қабырғасы жартылай жойылғанымен, кӛбею қабілеттілігін сақтаған
микроорганизмдерді -пішінді бактериялар деп атайды. Олардың тұрақты
және тұрақсыз түрлері болады. Кейбір жұқпалы аурулардың ұзаққа созылып,
қайталап дамуы ағзада патогенді бактерияладың L пішінді түрге айналуымен
байланысты болуы мүмкін.