60
қатар, протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш
бактериялар тобын құрап, органикалық заттардың қатысады.
Патогенді
спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена
қоздырғыштары) ұзақ уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта кӛбеюге қабілетті
(Clostridium botulinum).
Ішек бактериялары ( тұқ. Enterobacteriaceae)- ішек таяқшасы, іш сүзегі,
сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары- нәжіспен топыраққа
түсуі мүмкін. Бірақ мұнда кӛбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар
біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек
таяқшасы және протей сирек
кездеседі, олардың кӛлемді мӛлшерде анықталуы топырақтың адамның және
жануарлардың нәжісімен ластану кӛрсеткіші болып, санитарлық-
эпидемиологиялық
қолайсыздығын
дәлелдейді
(ішек
жұқпалары
қоздырғыштарының берілу тұсында).
Топырақта кӛптеген саңырауқұлақтар болады. Олар топырақ түзу
процесіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады, биологиялық
белсенді заттар бӛледі, сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бӛледі.
Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар
және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады.
Қарапайымдылар мӛлшері 1 г топырақта 500-500 000-ға дейін жетеді.
Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қоректене отырып,
қарапайымдылар топырақтың органикалық заттарының құрамын ӛзгертеді.
Адам үшін топырақтық құрамы және
оның микрофлорасының мәнін
білу топырақтың санитарлық-микробиологиялық бағалануын реттеуге
қажетті жағдай. Топырақтың санитарлық-микробиологиялық зерттелуі алдын
ала қадағалау және ағымды санитарлық қадағалау инструкциясына
бағынады.
Алдын ала қадағалау жүргізіледі:
а) құрылысты және тұрғылықты жерлердегі қайта қоныстандыру
орындарын қайта салуды жоспарлау кезінде.
б)
емдеу-профилактикалық
және
дәріханалық
мекемелердің,
санаторилардың, балалар мекемелерінің құрылыс орындарын таңдау кезінде.
в) тұрғылықты жердегі сумен қамтамасыз ету және канализация
мәселелерін шешу кезінде.
г) ұжымдық дем алу орындарын және жағажайлардың санитарлық
бағалануы кезінде.
Ағымды санитарлық қадағалау жүргізіледі:
а) топырақтың санитарлық жағдайын бағалау кезінде және ӛзін ӛзі
тазалау қабілетін тексеру кезінде (мысалы балалар бақшасының топырағын,
аурухананың, демалу орындарының топырақтарын жылына 2 рет жүргіледі).
б)ағын сулар мен қалдықтарды топырақтық
және биотермиялық
залалсыздандыру әдістерімен қадағалау кезінде жүргізіледі (айына 4 ретке
дейін)
в) эпидемиялық кӛрсеткіштер бойынша инфекциялық аурулардың
берілуін анықтау.
Ағымды-санитарлық қадағалауды жүргізу кезінде тағайындалады,