Тақырыбы: Микроорганизмдер экологиясы. Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз. Мақсаты: 1.
Адам ағзасының тұрақты және транзиторлық микрофлорасының
құрамын және оның физиологиялық рӛлін зерттеу.
2.
Қалыпты микрофлораның сандық құрамын және оның дисбактериоз
кезіндегі ӛзгеруін зерттеу.
3.
Қоршаған орта (ауа, су, топырақ) және ас тағамдарының
микрофлорасын зерттеу және оларды анықтау әдістерін үйрену.
Адам ағзасының микрофлорасы бұл дені сау адамның ағзасында
болатын микробтар биоценозының бірлестігі. Қалыпты микрофлора тұрақты
(облигатты,резидиентті)және кездейсоқ (факультативті) түрде болады.
Мекендеу ортасының ерекшеліктеріне байланысты адам денесінің әр
жеріндегі (тері,ауыз қуысы, тыныс алу, ішек-қарын және несеп-жыныс
жолдары) микрофлора құрамы әртүрлі болуы мүмкін. Қалыпты
микрофлораның түрлік құрамы адамның жасына, жынысына, ағзаның
иммунологиялық
реактивтілік
жағдайына,
қоректену
тәртібіне,
географиялық, маусымдық, әлеуметтік факторларға байланысты.
Қалыпты микрофлора кӛпшілік адамдарда бір типтілігімен және
ұқсастығымен сипатталады. Олардың құрамы бұзылған жағдайда жылдам
бұрынғы қалпына келеді. Қалыпты микрофлораның адам ағзасына тигізетін
пайдалы жақтары кӛп: патогенді микробтарға антагонистік әсер етеді.,
иммундық жағдайдың қалыпты болуына әсер етеді, асқорыту, зат алмасу
процесіне қатысады, витаминдер синтездейді.
Қалыпты микрофлораның кейбір ӛкілдері адам ағзасы әлсіреген
жағдайда немесе ӛздеріне тән емес жерге енгенде шартты-патогенді , тіптен
патогенділік қасиетке ие болып, әртүрлі іріңдеп қабыну ауруларын қоздырып
зиян келтіреді.
Адам жүрген жердің барлығында микроорганизмдер кездеседі, ол
экожүйенің бір бӛлігі болып есептеледі. Экожүйе бұл тірі организм мен
қоршаған ортаның ӛзара қатынасы. Экожүйенің ішінде күрделі биоценз
пайда болады, мысалы микробтық биоценоз, яғни топырақтағы, ауадағы,
судағы, адам ағзасындағы әртүрлі микроорганизмдердің ӛзара тіршілік етуі.
Экология қоршаған орта мен тірі организмдердің ӛзара қатынасы туралы