58
альфа гемолитикалық, пневмококк, нейссериялар, гемофильді таяқшалар,
бранхамелла, маракселла т.б болады. Бронхада микробтар (стрептококк,
нейссериялар) аз болады, ол майда бронхатар мен альвеолаларда микроб
болмауы керек. Мұрын қуысында стафилококктар, дифтероидтар т.б. болады.
IV.
Тері микрофлорасы. Күтіміне, қай жерде екеніне, денсаулығына түрі
және саны әртүрлі болады. Қалыпты жағдайда
теріде мынадай микробтар
кездеседі: St. epidermicis, str veridans,
str fekalis, corinobakterium, kleibsiella,
pseudomanos және т.б. Патологиялық жағдайларда:
микоплазмалар, шешек
және ұшық вирустары.
V.
Қынап микрофлорасы. Нәресте дүниеге келген кезде стерильді
болады. Сонан соң Додерлеин таяқшалары лактобактериялар пайда болады.
Бірнеше аптадан кейін қынап ортасы бейтарапты
болып аралас флоралы
болады.
Кәмелетке жеткеннен кейін орта қайтадан қышқылданып Додерлеин
таяқшасының саны кӛбейе бастайды. Етеккірі тоқтаған әйелде қынап
микрофлорасы қайтадан аралас болып әртүрлі микробтар кездесе бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: