84
қалдықтарын жояды және заласыздандырады;
4)
организмніңнің тӛзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді
заттарды бӛліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим,
интерферон, интерлейкиндер т.б.);
5)
иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады;
6)
Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммунды
компетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады.
Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына карамастан тегі
бӛгде
заттардан
тазартып
«сыпырындыны
жинаушы»
болса
(бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке
антигендерді иммунды-компетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және
олардың белсенділігін реттеу арқылы қатынасады.
Фагоцитоздың өту сатылары.
Фагоцитоз процесі, ягни бӛгде затты
жұтуы, ӛндеуі, бірнеше сатыдан түрады: 1) фагоциттің жұтылатын затқа
жақындауы (хемотаксис); 2) жұтылатын заттың фагоциттың қабырғасына
жабысып қонуы (адсорбция, адгезия); 3) жасуша мембранасының жасуша
ішіне жұтылатын затпен бірге кіру аркылы фагосомада протопласта құрылуы
(вакуольдер мен үлбіректер); 4) фагосоманың лизосомамен қосылып
фаголизсомаға айналуы; 5) лизосоманың белсендірілген ферменттерінің
кӛмегімен фаголизосоманың ішінде заттың корытылуы (2-сызбанұсқа)
Достарыңызбен бөлісу: