78
2.
Табиғи резистенттіліктің қорғаныш механизмдері және факторлары.
Жануарларда және адамдарда инфекцияға резистенттіліктің
генетикалық
аспектілері.
3.
Терінің, шырышты қабатының бактерицидті және кедергі қасиеттері.
Терінің бактерицидінің индексін анықтау. Қалыпты микрофлораның манызы,
терілік дисбиозы.
4.
Лизоцим, оның табигаты, әсер ету механизмі. Биологиялық
сұйықтарда лизоцимнің бар болуын анықтау әдісі. Интерферон.
5.
Сарысудың жалпы бактерицидтік активтігі, анықтау әдістері.
6.
Комплемент, оның қасиеттері, табиғи иммунитеттегі компоненттері.
Пропердин, әсер ету механизмі.
7.
Табиғи
антиденелер, маңызы. Микрофлораның және тағамның
антитендерінің маңызы.
8.
Фагоцитоз-иммунитеттің
клеткалы
факторы.
Фагоцитоздың
зерттеуіндегі И.И.Мечниковтың маңызы. Фагоцит - клеткалардың түрлері,
фагоцитоздың сатылары. Аяқталмаган фагоцитоз.
9.
Фагоцитоз тәжірбиесін қою., реакцияның активтігін, ӛнімділігін
және аяқталуын анықтау. Опсоно-фагоцитарлық реакция. Фагоцитозға
хемотоксикалық агенттерінің әсер етуінің механизмі.
10.
Фагоцитозда фагоциттердің биохимиясының ерекшеліктері.
11.
Жануардың жарып союы және
бактериологиялық зерттеуі
(экспериментальді инфекциядан ӛлген).
12.
Инфекцияға қарсы табиғи резистенттіліктің тӛмендеуіне
қабілетті факторлар — ионизациялық сәулеге түсіру, ашығу және т.б.
Студенттің ӛзіндік жұмысы
Тапсырма 1. Қанның бактерицидтік активтігін анықтау тәжірбиенің
қорытындысын есепке алу.
Қан сары суының бактерицидтік белсенділігі генотипі бӛгде заттардан
қанның ӛзіндік табиғи тазарылу кӛрсеткші. Қан сары суының бактерицидтік
әсері алғаш рет грам оң микроорганизмдерге (сенді таяқша, ботулизм және
сіреспе қоздырғышы, стафилококктар, пневмококктар, стрептококктар ж.т.б.)
және де грам теріс бактерияларға (іш сүзегі салмонеллалары, бруцеллалар,
менинтококктар,
ішек таяқшасы, шигеллалар ж.т.б.) қарсы анықталған. Қан
сары суының бактерицидтік белсенділігі организмнің түрлі жағдайында
ӛзгеріп отырады, сондықтан оның анықтауы аурудың даму барысын, емдік
шаралардың нәтижесін қадағалау және де
процестің сауығу кезеңінде
бақылауға болады, яғни аурудың болашағын нәтижелеуге болады.
Қан сары суының бактерицидтік белсенділігін анықтау барысында
организмнің гуморалді қорғаныс факторлар қызметінің бірлігін (комплемент
жүйесі, пропердин, лизоцим, қалыпты антидене, В-лизин деңгейі)
анықтайды.
Бюхнер тәсілі бойынша, сары судың бактерицидтік белсенділігі
тексерілетін сары су мен тест-культура байланысуы нӛтижесінде тәжірибеге
дейін және инкубациядан соң қоректі ортада ӛскен тест-культура колониялар
санын есептеу. Қорытындысын бақылаумен (контрольмен) салыстырады.