Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет66/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84
Байланысты:
Ахметова микро

 
Нуржігіт Алтынбеков 
жүйесінен, ми үлпасынан табуға болады. Лизоцим тек жана ми-жұлын 
сұйықтығында және кӛз алмасының алдыңғы кеңістігінде болмайды. Ағзада 
бір тәулікте бірнеше грам лизоцим бӛлініп шығарылады. 
Лизоцимнің бактериоцидтік және бактериостатикалық қабылеті бар. 
Сонымен қатар лизоцим фагоцитоз бен антидене синтезін белсендіреді. 
Лизоцим жасуша кабырғасының гликопротеидтерін (мурамил- дипептидаза) 
ыдыратып жасушаның бұзылуынына себепкер болады, сонымен қатар 
зақымдалған жасушаны фагоцитоздауын жеңілдетеді. 
Лизоцимнің синтезделу процесі бұзылса, онда органимнің бӛгде затқа 
тӛзімділігі әлсірейді. Соның себептерінен организм ісік және жұқпалы 
ауруларға шалдығуға икем болады. Ондай жағдайларда емдеу үшін тауық 
жүмыртқасының ақуызынан, не биосинтезді жолмен алынган лизоцимдер 
қолданады. 
Интерферон 
Интерферон иммундық жүйенің маңызды ақуыздарының қатарына 
жатады. Ол 1957 жылы ашылған. А.Аизекс және Ж.Линдеман вирустардың 
интерференция кӛрнісін зерттеу кезінде (лат.inter- аралық және ferens - 
тасмалдаушы) тӛменгідей құбылысты байқаған. Жануарға не жасуша 
ӛсіндісіне вирустың бір түрімен жұқтырған кезде, оларда вирустың екінші 
түрін жұқтырмауға тӛзімділік пайда болады. Бұл кӛріністің негізінде 
вирустан қорғайтын сипаты бар ақуыз синтезделенетіні анықталған. Бұл 
ақуыз түрі интерферон деп аталған еді. Қазіргі кезде интерферон құрылысы 
жанжақты зерттелген, және де ол медицина тәжірибесінде емдеу немесе 
аурудың алдын алу үшін кең қолданылады. Интерферон ақуыз, химиялық 
құрамы гликопротеид, молекулалык салмағы 15-70 КДА-га дейінгі 
тұқымдастыққа жататын зат. Ол иммундық жүйенің және дәнекерлеу 
ұлпасының жасушаларымен синтезделеді. Қандай жасуша түрімен 
синтезделуіне байланысты интерферонның үш түрі бар. Альфа- 
интерферонды лейкоциттер түзеді, сондықтан оны лейкоцитарлық деп 
атайды. Бета-интерферонды фибробластық дейді, ӛйткені ол дәнекерлеу 
ұлпасының жасушасы фибробластарымен синтезделеді. Гамма-интерферон 
иммундық деп аталады, ӛйткені ол белсендірілген Т-лимфоцитер, 
макрофагтар, яғни табиғи, иммундық жасушалармен түзіледі. Интерферон 
ағзада үзілісіз түзіліп отырады да, оның қандағы мӛлшері 2МЕ деңгейінде 
болады. Ағзаға вирустар еңген кезде, не болмаса интерферон демеушілерінің 
(индукторлары) әсерінен (мысалы РНҚ, ДРҚ, күрделі полимерлер) 
интерферонның түзілуі асқындайды. Интерферонның ондай демеушілері 
интерфероноген деп аталды. Интерферонның вирустарга қарсы әсерінен 
басқа қатерлі ісіктің ӛсуін тежеу, иммунитет дәрежесін кӛтермелеу және тағы 
басқа пайдалы қасиеттері бар. 
Интерферонның әсер ету механизімі ӛте күрделі. Ол вирусқа тікелей 
залалды әсер етпей жасушаның арнайы кұрылыс құрамымен байланысқа 
түсіп вирустер еңген кезде оларға қажет ақуыздың түзелуіне кедергі 
жасайды. Интерферон неғүрылым ерте түзіліп, не денеге тыстан ерте ене 
бастаса оның әсері соғүрлым нәтижелі болады. Сондықтан, интерферонды 


88 
вирустар қоздыратын бірталай аурулардың (мысалы тымау) алдын алу үшін, 
не болмаса вирустық созылмалы ауруларды (гепатит В,С, Д, ұшық т.б.) 
емдеуге қолданады. Интерферонның спецификалық қасиетінің бірі, адам 
ағзасынан алынған интерферон жануарларга әсерсіз. Иинтерферонды алу 
үшін екі жақты тәсіл қолданылынады: 
а) Адамға, не адам лейкоциттеріне қауіпсіз вирус түрін жүқтырып, 
оларды интерферон түзуіне мәжбүр қылады, содан кейін интерферонды 
ӛндеп, қажетті препараттарды дайындайды; 
б) Гендік-инженерлік әдіс. Белгілі бір микроб түрінің (пгевдомонада - 
немесе ішек таяқшасы) ДНҚ-на интерферонның генін жалғастырады. 
Ӛзгерген микроб арнайы ортада ӛсіп интерферон түзеді. Интерферонның бұл 
түрі рекомбинантты деп аталады. Оның Ресейде алынған түрінің ресми аты 
"Реаферон". Реаферон медицина тәжірибесінде қең қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет