90
Агглютинация реакциясы - микробтардың немесе басқа да
жасушалардың электролит кӛмегімен жабысуы,
яғни спецификалык
антиденелер
(агглютининдер)
корпускулярлық
антигендермен
(агглютиногендер) ӛзара байланысы кӛзге кӛрінетін конгломерат ретінде
кӛрінуі. Агглютинация реакциялары жұқпалы аурулар диагностикасында кең
қолдануда:
Бӛліп алған микробқа идентификациясын жүргізу - антигендік
құрылысын анықтау (серотипирлеу), бұл үшін
белгілі антиденелерімен
агглютинирлеу диагностикалық (анықтаулық) сары су қажет. Реакцияның
қорытындысы оң болса - зерттелген микроб сол микробқа сәйкес,
қайсысымен бұл анықтаулық сары суын шығарып алу үшін
жануарларды
иммунизирлейді (сол микробпен жануарларды жұқтырып, жануардың
организмінде - қанында антиденелер пайда болады).
Ауру адамның қанның сары суында осы
аурудың тудырған микробқа
қарсы антиденелерді танып алу үшін (серодиагностика) антиген түрінде
белгілі
микробтың
дақылын
(диагностикум)
алады.
Реакцияның
қорытындысы оң болса - осы түрдің микробтары аурудың қоздырғышы
болып келеді, себебі аурудың дамуында ауру адамның сары суында
микробқа-антигенге қарсы спецификалық
қорғаныс антиденелер пайда
болған.
Достарыңызбен бөлісу: