1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Платонның педагогикалық ойлары. 
Ежелгі грек философы, идеалисті, 
құлиеленуші ақсүйектер идеологы Платон танымал ақсүйектер отбасында 
туған және сол кездегі керемет білім иегері. 
Көптеген шығармалардың авторы Платон көп жағдайларда тәрбие жайлы 
айтқан. Өзінің тәрбиені ұйымдастыру жүйесіне көзқарасын «Мемлекет» және 
«Заңдар» трактаттарында негіздеоген. Бұлар Платонның әлеуметтік 
көзқарастарының органикалық бөлігін құрайды және ол құлиеленуші 
ақсүйектер мемлекетінің күшеюі мен құлиеленушіліктің қалыптасуының 
жалпы міндеттеріне бағынады.
Платонның мүлтіксіз мемлекеті ерікті азаматтар еңбегінің төрт түрлі 
сатыда бөлінуіне негізделеді: философтар, әскерлер, қолөнершілері және 
егеншілер. Әрбір саты тек өздеріне ғана қатысты міндеттерді атқарулары 
керек және басқалардың қызметтеріне араласпаулары тиіс. Азаматтарды 
сатыларға бөлуінде өзінің рух бөліктерін топтауымен жетекшілік етті. 
Демокриттің әлемді бір және материалды деп есептеуіне Платон әлемнің 
ойлар әлеміне және заттар әлеміне бөлінеді деген көзқараспен қарсы келді. 
Оның идеалистік көзқарасына байланысты адамның рухани бөлігі – рух 
ойлар әлеміне өзінің сыйғанынша өмір сүреді. Рухқа үш бөлік қатысты: ақыл-
ой, ерік және сезім. Осы рухтың үш бөлігіне Платонның үш жақсылық 
істеушілері байланысты, олар: ақылгөй, жүректік және бірқалыптылық. 
Құлиеленуші мемлекеттің күшеюі үшін Платон өзінің Спарта және 
Афиналық тәрбиелеу тәжірибесімен ұқсас тәрбиелеу жүйесін ұсынды. 
Платонның ойынша, тәрбие дегеніміз – үлкендердің балаларға әсер етуі 
және оларға жақсы мінез-құлықтарды қалыптастыру болып табылады. 
Платон кішкентай балалардың негізгі ішкі тәрбиесі – эмоция деп 
есептеді. Ол балалардың алғашқы түйсінуі – бұл оның рахаттануы мен 
қайғысы және балалар қиялын бейнелейтін жақсылық істеушілер мен игілік 
екенін бекітті. 
Платон балаларды тәрбиелеудің негізгі құралдары деп – ойын, оқу және 
түрлі аңыздар мен әдеби шығармаларды айту деп есептеді. Бұл үшін 
кішкентай балаларға нақты нені оқу және айту керек екенін заңмен бекіту 
керек. 
Платон үлкендердің балалар ойынына қатаң қадағалау жүргізуін талап 
етті: балалар ойынға ешқандай жаңалық енгізбей, ойын ережелерін бұзбай 
ойнаулары керек, себебі бұған ойын үстеуінде үйреніап алып, құлиеленуші 
мемлекеттің заңына өзгерістер енгізулері мүмкін, ал бұл жағдайға жеткізуге 
болмайды. Сонымен қоса, Платон «балаларға барлық ғылымдарды күшпен 
емес, ойнау арқылы оқыту керек» немесе «ерікті адамдар құлдарша ешқандай 



ғылымды оқымаулары керек» деп есептеді. Ол тәрбиелеуде өлеңдер мен 
билеуге үлкен орын қойды. 
Платон «Мемлекетте» ерте жастан балаларды қоғамдық тәрбиелеу ойын 
дамытты және оларды ұйымдастыруының нақты жүйесін ұсынды. Қаланың 
немесе ауылдың жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ойынға арналған ерекше 
орындарға жинау керек. Сонымен бірге заң қарауылдарымен тағайындалатын 
әйелдер балалардың ойындарына жетекшілік етіп, ереже сақтауларына 
бақылау жүргізулері керек. 6 жастан 12 жасқа дейіінгі балалар мемлекеттік 
мектептерде оқуға, жазуға, санауға және ән айту мен түрлі музыкалық 
аспаптарда ойнауға үйренеді. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар басты 
назарды жан-жақты физикалық тәрбиелеуге бөлетін палестраға барады. 16 
жастан бастап бозбалалар тәжірибелік мақсатпен арифметика, геометрия, 
астрономиямен танысаты (алғашқы әскери дайындық). 18-20 жас 
аралықтарында балалар эфибияда арнайы әскери-физикалық дайындық
алады. Осы кезең өздерінің мүмкіндіктерінше әскер, қолөнершісі, егінші 
және саудагер сатыларда қалуларымен аяқталады. Тек ақылды адамдар бөлігі 
ғана 30 жасқа дейінгі философиялық білім алады; геометрия, арифметика, 
астрономия және музыка теорияларын оқи отырып, ойлау қабілетін 
дамытады және мемлекеттік іске дайындалады. Осы топтың ішінде 
ерекшеленген ең мықтылары өздерінің білімдерін интеллектуалдық 
қатынаста жалғастырады, философияны толық меңгергеннен кейін мемлекет 
басшылары болады. 
Әйелдер тәрбиесін Спартадағыдай болуы керек деп есептеді. Құлдардың 
балалары білім алуға жіберілмейді. 
Көріп отырғанымыздай, Платонның көзқарасы бойынша, құлиеленушілер 
мен ерікті азаматтардың балалары бәрінен бұрын білім алулары керек. 
Тәрбие оларды нақты әлеуметтік қызметтерді орындау мен мемлекетті 
басқаруға дайындауы тиіс. 
Платон кішкентай балаларды тәрбиелеу жүйесінің сұрақтарын 
қарастырады, бұл мектепке дейінгі тәрбие теориялық дамуын да маңызды 
орын алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет