1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101
 


30 
Дәріс №3. Тақырыбы:
 
Иоганн Генрих Песталоццидің мен Иоганн 
Гербарттың педагогикалық қызметі мен теориясы 
 
Жоспар 
1.
 
Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827) педагогикалық қызметі 
мен теориясы. 
2. Иоганн Гербарттың (1776-1841) педагогикалық теориясы 
1.
 
Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827) педагогикалық қызметі 
мен теориясы. 
XVIII ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет 
еді. Иоганн Генрих Песталоцци жас кезінен Швейцария шаруаларының ауыр 
тұрмысын өз көзімен көрді. Оларды, бір жағынан, дворян-помещиктер 
қанаса, екінші жағынан, тоқыма өндірісінің иелері қанады. Песталоцци әуелі 
неміс бастауыш мектебінде, кейін латын орта мектебінде оқыды. Мектептен 
кейін қоғамдық ғылым
беретін жоғары оқу орны — коллегиумге түседі. Бұл 
оқу орнындағы профессорлардың ішінде француз ағартушыларының пікірін 
қуаттаушылар болатын. Олар жастарды философиялық және саяси 
әдебиеттермен таныстыратын. 
Жан-Жак Руссоның «Эмиль» және «Қоғамдық шарт» атты еңбектері 
Песталоцциге үлкен әсер етті. Оның халыққа қызмет ету жөніндегі ойын 
нығайта түсті. 
Песталоцци 1774 жылы «кедейлер үйін» ашып, оған елуге тарта жетім 
және панасыз балаларды жинады. Балалардың өздері еңбек етіп, тапқан 
табыстарымен бұл үйді ұстауға болады деп есептеді. Балалар ауыл 
шаруашылық еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды. Өзі балаларды 
оқу, жазу және санауғa үйретті. Сөйтіп, Песталоцци оқуды еңбекпен 
ұштастырды. Ол еңбекті жан-жақты тәрбие берудің кұралы деп бағалады. 
Песталоццидің бұл тәжірибесінің кемшілік жактары да болды. 
Біріншіден, тек қана балалардың табысымен тәрбие үйінің қаражатын өтеуге 
болады деуі қате пікір еді. Екінішіден, оқу мен еңбекті ұштастыруы 
ойдағыдай іске аспады. Балалардың ауыл шаруашылығындағы және токыма 
кәсібіндегі еңбектерінің ғылыми негізі түсіндірілмеді. Қаражаттың 
тапшылығынан тәрбие үйі 1780 жылы жабылып қалды. Бұдан кейінгі 
жылдары Песталоцци әдеби еңбек жазумен шұғылданды. Өз еңбектерінде 
Швейцария шаруаларының шаруашылығы мен олардың тұрмысын жақсарту, 
білімін және адамгершілік дәрежесін көтеру мәселесіне көпшіліктің пікірін 
аудармақ болды. Ол «Лингард және Гертруда» деген әлеуметтік-
педагогикалық роман жазды. Бұл еңбегінде шаруашылықты дұрыс 
ұйымдастыру және балаларды тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қою арқылы 
шаруалардың тұрмысын жақсарту идеясын насихаттады. Бұл еңбек басылып 
шыққаннан кейін Песталоццидің есімі көпке әйгілі болды. 
Песталоцци 1799 жылы Бургдорф қаласындағы мектепте мұғалім болып 
орналасады. Бұл мектептегі тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде оқыту 
және санауға үйретудің тиімді әдістерін ұсынды. Ол әдістерді кеңірек тарату 


31 
үшін Бургдорфта интернаты бар орта мектепті басқару және оның жанынан 
ашылған мұғалімдер даярлайтын бөлімге басшылық ету Песталоцциге 
жүктелді. 
XIX 
ғасырдың 
бас 
кезінде 
жарияланған 
«Гертруда 
балаларын_қалай_оқытады», «Аналар кітабі», «Бақылау азбукасы», «Сан 
жөнінде көрнекі ілім» атты еңбектерінде Песталоцци бастауыш білім берудің 
жаңа әдістерін ұсынды. 
_ Песталоццидің дүниеге көзкарасы демократиялық сипатта болды. 
Бірақ ол еңбекшілердің тұрмысын оларға білім берумен, тәрбие берумен 
жақсы жолға қоюға болады деп кате түсінді. Адамдардың әлеуметтік және 
праволық теңсіздігінің себебі сол коғамдағы қоғамдық қатынастың нәтижесі 
екенін ол түсінбеді. Халықтың кедейлігінің себебін экономикалы жағдайдан 
емес, оның қараңғылығынан, білімінің жоқтығынан көрді. Барлық 
адамдардың, соның ішінде кедейлердің де қажетті тәрбие алуын жақтай 
отырып, ол үшін сословиялық-таптық қоғамдық катынасты жою керек екенін 
түсінбеді. Бірақ ол білім берудің сословиялық жүйесін батыл сынады. 
Оқыту және тәрбие барлық адамға берілу керек дей отырып, 
Песталоцци қоғамды қайта құрудың негізгі құралдарының бірі — мектеп деп 
есептеді. Адамды дамытудың, тәрбиелеудің басты кұралы еңбек деп 
санады. Еңбек адамның күшін ғана дамытып коймайды, оның ойын дамытып, 
мінез-құлкын калыптастырады. Еңбек еткен адам еңбектің қоғам өміріндегі 
зор мәнін түсінеді. 
Дін және оның қызметкерлеріне Песталоцци карсы болды. Әрекет етуге 
ұмтылу адамға тән қасиет, тәрбиенің мақсаты оның дамуына көмектесу деп 
есептеді. Оның көзқарасындағы құнды жақтар — гуманизм, демократиялық 
талаптар. 
Тәрбиенің міндеті — адамның барлық табиғи күштерін, қабілетін дамыту 
және ол даму жан-жақты болу керек деп санады. Тәрбиеші баланың табиғи 
дамуына дұрыс бағыт беруі тиіс, дұрыс бағытталған тәрбие ғана баланың 
жан-жақты дамуына негіз болады деп көрсетті. 
Баланың тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруда отбасының әсіресе, ананың 
ролін өте зор бағалады. Баланы тәрбиелеу алғашқы күннен басталу керек. 
Сондықтан педагогика тәрбиелеудің әдістерімен әр ананы қаруландыруы 
қажет деп санады. Отбасындағы тәр-бие мектепте әрі карай жалғастырылуы 
қажет. Қоғамдық тәрбиеде отбасындағы тәрбиенің жақсы жақтары әрі қарай 
дамытылады. Олар: балаға деген сүйіспеншілік, балаға сенім білдіру, тәртіп, 
шыдамдылық, борыштық сезім. Мұның бәрі ананың ба-лаға деген 
қатынасынан туады. 
Песталоццидің педагогикалық жүйесінің негізгі мәселесі — балаларға 
элементарлық білім беру теориясы. Бұл теория бойынша тәрбиелеу ең жай 
элементтерден басталып, бірте-бірте күрделене түсуі керек. 
Элементарлық білім беру теориясына Песталоцци_дене тәрбиесін, 
еңбекке тәрбиелеуді, моральдық, эстетикалық және ақыл тәрбиесін беруді 
жатқызады. Тәрбиеніц бұл салалары өз ара байланысты түрде берілуге тиіс, 
сонда ғана олар адамды жан-жакты тәрбиелейді деп есептеді. 


32 
ІДеңе-тәрбиесінің мақсаты — баланың күшін дамыту. Әр түрлі қимылға, 
қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Осыдан ойын, тағы басқа әрекеттер 
туады деп, Песталоцци -дене тәрбиесінде ойынмен қатар, әскери 
жаттыруларға үлкен мән берді. Дене жаттығуларының жүйесі арқылы баланы 
болашақ еңбек әрекетіне даярлауға болады деп есептеді. 
Оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қолөнері және ауыл 
шаруашылық еңбегімен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы 
мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. 
Оның пікірінше, мектепте балалар оқумен бірге жүн иіру, мата тоқу 
станоктарымен жұмыс істейді, мектеп жанындағы участокта ауыл 
шаруашылығы жұмыстарымен шұғылданады, мал өсіреді, шаруашылықтың 
баска салаларымен танысады. Жұмыс кезінде және жұмыстан бос уақыттарда 
мұғалім балаларды оқытады, хат танытады, санауға үйретеді және өмірге 
керекті білімдер береді. Бірақ мұнда оқуды еңбекпен катар жүргізу ғана бол-
ды, шын мәнінде оку мен еңбекті ұштастыру болмады. Еңбектің тәрбиелік 
мәніне Песталоццидің зор баға беруі өте кұнды айтылған пікір еді. 
Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өз ара 
және 
олардың 
ересектермен 
дұрыс 
қарым-қатынаста 
болуын 
қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың 
акыл-ойын дамытады, моральдық қасиеттерін калыптастырады. Тәрбиенің 
негізгі мақсаты — коғам өміріне белсене катысатын жан-жақты дамыған 
адамды калыптастыру. Адамға пайдалы істерге баланы араластырып 
жаттыктыру аркылы ғана дұрыс мінез-құлықка тәрбиелеуге болады. 
Моральдық тәрбиенің ең жай элементі баланың анаға деген сүйіспеншілігі, 
ол баланың күнделікті қажеттерінің орындалып отыруы негізінде дамиды. 
Моральдық тәрбиенің негізі отбасында калыптасады деді Песталоцци. 
Баланың анаға деген сүйіспеншілігі бірте-бірте отбасындағы басқа адамдарға 
да ауысады. Баланың моральдық дамуы әрі қарай мектепте жалғастырылады, 
онда мұғалімнің балаға қатынасы әкелік камкорлық негізінде құрылады. 
Мектепке келуге байланысты баланың карм-катынасы кеңейеді. Мұғалімнің 
міндеті — баланы айналасындағы адамдарға, жалпы адамзатқа 
сүйіспеншілікпен карайтын етіп тәрбиелеу. 
Моральдық тәрбиенің негізгі бір мақсаты балаларды адамгершілікке 
жататын қылықтарға жаттыктыру. Осының нәтижесінде олардың еркі 
дамиды, ұстамдылыққа үйренеді. 
Песталоцци моральдық тәрбиені діни тәрбиемен байланыстырды. Ол 
дінді сынағанмен, егер адам кұдайды кадірлесе, бір-біріне бәрі туыс болып 
табылатын барлық адамдарды да кадірлейді деп есептеді. Оның діни 
көзкараста болуы — дүниеге иде-алистік көзкараста болуының айғағы. 
Адамды жан-жакты дамыту идеясын ұсына отырып, Песталоцци білім 
беруді моральдық тәрбие берумен байланысты жүргізуді, яғни окыту арқылы 
тәрбиелеуді талап етті. 
Песталоцци оқыту бакылауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып, 
қорытынды жасауға,
 
жалпылауға карай жүргізілу керек деді. Бакылау 
арқылы балада көру, есту және т. б. түйсінулер пайда болады. Солардың 


33 
негізінде ойлау және сөйлеу дамиды. Окыту балаларға, біріншіден, білім 
беретін болса, олардың ойлау қабілетін дамытады. Оқытудың осыңдай екі 
жақты мәнін атап көрсету ол дәуірде өте құнды пікір еді. Бұл пікір өз мәнін 
әлі де жойған жоқ. Бірақ Песталоцци өз тәжірибесінде оқытудың бұл 
маңызын екі айырып, баланың ойлауын формальды түрде дамытуды бірінші 
міндет етіп қойды. 
Оқытуды жеңілдету мақсатымен Песталоцци дүние заттары туралы 
білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені таниды 
деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын 
жатқызды. 
Оқыту процесінде өлшеу арқылы бала заттың формасын, санау арқылы 
санын, тілін дамыту арқылы заттың атын таниды деп санады. Сөйтіп, 
элементарлық білім беру өлшеу, санау және сөзді меңгеруден тұрады деп 
есептеді. 
Песталоцци оқудың негізін оның көрнекі болуы деп санады. Көрнекілікті 
кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім 
қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті. 
Білім_белгілі жүйемен, ретпен берілу керек деп есептеді. Балаға оның әлі 
келетін білімді ғана берген дұрыс. Баланын ойлауын дамытумен катар, онда 
белгілі дағдыларды қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті. Алған білімін 
пайдалана білмеу тәрбиенің үлкен кемшілігі болып табылады. Мектеп 
баланың қабілетін дамыту және білім берумен қатар, оларды іс-әрекетке, 
дағдыға үйретеді, ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деді. Оқытудың зор 
міндеттерін көрсете отырып, Песталоцци мұғалімдерге үлкен талаптар 
қойды. Мұғалім білімді адам ғана емес, сонымен бірге өз білімін балаларға 
беруге тиісті дайындығы бар адам болуы керек. Сондықтан мұғалімнің 
міндеті әрі ауыр, әрі жауапты, мұғалім балаға оның ата-анасындай карауы 
керек, баланы окыту және тәрбиелеуге кажетті істердің бәрі оның міндеті 
болып табылады. Мұғалім балалардың психикалық ерекшелігін жете білуі 
керек. Соның негізінде өзінің окыту және тәрбиелеу жұмысын 
ұйымдастыруы кажет деп есептеді. 
Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци 
бастауыш білім берудің әдістемесінің негізін салды. Ана-тілін оқытудың 
міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. 
Песталоцци әріптерді косып окытудың орнына бірден дыбыстарды косып 
оқытуды ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жөнінде бірнеше бағалы 
кеңестер берді. Ана тілін оқытуды көрнекілік негізінде жүргізіп, жаратылыс, 
география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді 
ұсынды. Бірақ Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттығуларға 
айналды. Бірыңғай ондай ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол 
мән бермеді. 
Жазуға үйретуде Песталоцци алдын-ала әріптердің элементтерін жазуға 
ұзақ жаттықтыруды ұсынды. Мұндай жаттығулар казір мектептерде кең 
пайдаланылуда. Әсіресе алғашқы жылдарда орфографиялық дұрыс жазуға ол 


34 
үлкен мән берді. Жазуға үйретуді сурет салумен байланыстырып, баланың 
тілін дамытуға үнемі көңіл бөлуді талап етті. 
Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцци 
арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге 
бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен 
бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды 
оқытуда квадратты бүтін сан деп алып, оны екіге, төртке бөлу аркылы 
түсіндіруді талап етті. Песталоццидің осы идеясының негізінде оның ісін 
алға апарушы шәкірттері арифметиканы оқыту әдістемесінде арифметикалық 
жәшікті пайдалануды ұсынды. Арифметикалық жәшік мектептерде қазір кең 
тұрде қолданылады. 
Песталоцци географияны _окыту жөнінде бірнеше бағалы пікірлер айтты. 
Баланы жақындағыдан алыстағыға қарай, тұрған жерін бақылаудан, одан 
күрделі білімдерге қарай жетектеуді ұсынды. Бала алдымен мектеп 
жанындағы участокпен, өз аулы орналасқан жермен танысып, алғашқы 
географиялық білімдер алуы керек. Содан барып жалпы жер шары туралы 
білімдерге көшу керек деп есептеді. 
Песталоцци сонымен буржуазиялық-демократиялық педагогиканың ірі 
өкілі болып табылады. Ол кедейдің балаларына тәрбие беру мәселесіне өз 
өмірін арнады. Оның қоғамдық көзқарасы тар шеңберде болды, халықтың 
тұрмысының нашарлығының шын себебін түсінбеді, бала тәрбиесі арқылы 
оларға көмек көрсетуді көздеді. 
Песталоцци баланың дамуында тәрбиенің ролін өте жоғары бағалады, 
отбасында және мектепте жоспарлы түрде тәрбиені ұйымдастырудың 
қажеттігін атап көрсетті. Тәрбиенің мақсаты адамның барлық табиғи күшін, 
қабілетін жан-жақты дамыту деп есептеді. 
Элементарлық білім берудің теориясын ұсынып, дене тәрбиесі, еңбек 
тәрбиесі, моральдық тәрбие және білім беруде көптеген құнды пікірлер 
айтты. Оқуды өнімді еңбекпен ұштастыруға көп көңіл бөлді. Бастауыш 
мектепте берілетін білімнің көлемін кеңейтпек болды, оны халыққа жақын 
етуге тырысты. Н. К. Крупская: «Песталоцци халық қажетін өтей алатын, 
халықтың көңілінен шығатын және халықтың өзі ұйымдастыратын мектеп 
ашуды арман етті»,— деп жазды. Кейбір кемшіліктеріне және қате 
пікірлеріне қарамастан, Песталоццидің педагогикалық жүйесі прогрессивті 
педагогикалық идеяның дамуына қосылған зор үлес болды. 
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет