1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


  Дәріс №2. Тақырыбы: Ян Амос Коменскийдің, Джон Локктың және



Pdf көрінісі
бет9/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101
 


14 
Дәріс №2. Тақырыбы: Ян Амос Коменскийдің, Джон Локктың және 
Жан-Жак Руссоның педагогикалық көзқарастары. 
Жоспар: 
1.
 
Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) педагогикалық 
теориясы. 
2.Джон Локктың (1632-1704) педагогикалық көзқарастары 
3.Жан-Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық теориясы 
1. Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) педагогикалық теориясы 
XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың 
негізін қалаушы, ұлы славян педагогы 
Ян Амос Коменский
1592 жылы 28 
мартта туды. Бұл кезде XV ғасырдың бас кезінде болған тарихтағы аса зор 
ұлт-азаттық қозғалысының да әсері әлі де бар еді. Соның ықпалымен 
шаруалар 
мен 
колөнершілердің 
қалың 
бұкарасы 
демократияшыл 
көзқарастағы адамдардан «чехтық» немесе «Богемалық туыстар», атты 
қауымдарын (община) құрды. Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, 
ал өзі кейінірек сол қауымның көсемі болды. Қауымның көмегімен ол латын
(орта) мектебін, кейіннен университет бітіреді. Мұнан сон, священник 
болып сайланады, сонымен бірге қауымның «туыстық» мектебін басқарды. 
1620_жылы чех басқыншыларымен күресте жеңіліске ұшырауына 
байланысты ұлы педагогтың отаны өзінің дербестігін жойды, ел үлкен 
күйзеліске кезікті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен 
қолжазбалары отқа жағылды және бар-лық отбасынан айрылды. 
Отанынан айрылған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. Қауым 
мүшелерімен ауыр азапта одақтас болған Коменский мұнда да өзінің 
педагогикалық қызметін тоқтатқан емес: «туыстық_мектепті» басқарды, 
қажырлы түрде ғылыми-педагогикалық жұмыс жүргізді. Ол 1631 жылы 
«Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық eciгі» деген оқулығын жазып 
шығарды. Білім беру тарихындағы тұнғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне 
аударылып, мектептерге кеңінен тарады. Келесі жылы Коменскийдің есімін 
дүние жүзіне танытқан «Ұлы дидактика» еңбегі жазылып бітті. 
«Ұлы дидактика» Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және 
дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік 
тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жана мектепті 
үйымдастыру мәселелері зерттелді. 
Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгілі 
болған Коменский 1641 жыл мен 1654 жылдың аралығында әде- 
йі шакырумен_Англияда, Швецияда__және Венгрияда болып, мек- 
теп реформаларын әзірлеу ісіне, окулықтар және оқыту әдістемесін жасаумен 
айналысты. 1648 жылы ол шетелден Лешноға келіп, кешікпей «чех_туыстық» 
қауымының басшысы болып сайланды.
Осы жылдары оның «Әлемді cypeттеп___бейнелey» оқулығы, «Жақсы 
ұйымдастырылған мектептің заңдары» және «Жастарға арналған мінез – 
құлық ережелері» деген педагогикалық шығармалары аяқталды. «Әлемді 
суреттеп бейнелеу» өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциклопедиялық 


15 
кітап XIX ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болып 
келді. 
1656_жылы швед-поляк соғысы кезінде «чех туыстығының» ең ақырғы 
панасы Лешно қаласы өртенді. Өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог 
Амстердамда өткізді, оның «Ұлы дидактикасы» 1657 –жылы осында 
бастырылды. 
Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Наарденде 
қайтыс болды. 
Коменский көзкарасының жаңа бағыттарына қайта өркендеу дәуіріндегі 
гуманизмнің әсері күшті болды. Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп 
тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы 
қасиеттерді тәрбиелейтін «адамгершіліктің шеберханасы» болуға тиіс деген 
көзқарасты ұсынды. Кайта өркендеу дәуірінің әсерімен Коменский адамға, 
онын, ақылы мен күшіне сенушілікті бірінші қатарға қойды, адам ақылы 
«ақиқатында бүкіл дүниеде зор» деген тұжырымға келді. Коменскийдің 
мұндай гуманизмі адам жөніндегі орта ғасырлық көзқарасқа тікелей карама-
қарсы еді. 
Сондай-ақ ол өзінің «Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы» деген 
шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық кұрылысты 
әшкереледі. Байлығы мен жыныс ерекшеліктеріне карай бөлінбейтін, 
біртекті, жалпыға бірдей ана тілінде окыта-тын мектепті талап етуінен де 
Коменскийдің демократизмі айқын байқалды. 
Коменскийдің өз кезіндегі білім беру жүйесін, схоластикалық мектепті әр 
жақты және дәлелді сынға алуының қоғамдық зор мәні болды. Әсіресе оның 
халықтың төменгі тобының мектепке қолы жетпей отырғандығын, осының 
арқасында халық арасындағы көптеген таланттар мен дарындардың көзге 
түспейтіндігін, мұның мемлекет тағдырына зияндылығын көрсетті, мектеп 
құрылысын қатаң сынады, бұл сол кездегі демократиялық топтардың қоғамға 
наразылығын туғызды. 
Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына 
мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. «Ұлы дидактиканың» 
негізгі 
тарауларында 
Коменский 
реалистік 
позицияда 
екендігін, 
педагогиканың манызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының 
демократиялық топтарының мұқтажына бағындыратынын көрсетті. Ол 
өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді окытуды талап етті. Сондықтан 
мектептің мақсаты — ақылды адамды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің 
бірден-бір жолы,— деді Коменский,— жас жеткіншектерге тәрбие және білім 
беру. Оның ойынша, адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады. Коменский 
тәрбиенің ыкпал ету күшін осылай көре білді. «Адам болу үшін ол білім алуы 
тиіс». «Білімділер нағыз адам...» — деді. 
Бүкіл тәрбие ісі Коменскийше табиғатқа тән, жалпы заңдылықтарға 
сәйкес болуға тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып карап, 
тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен 
қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді. 


16 
Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие 
мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейіннен Коменский 
анықтаған бұл идея педагогикада «табиғатқа сәйкестік принципі» деп 
аталды. 
Коменский адам өзінің жетілуінде жалпы табиғатқа катынасты заңдарға 
тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құрылатын тәрбиенің, білімнің және 
оқытудың жалпы принцилтерін іздестірді. 
«Табиғатқа сәйкестілік принципі» оқудағы схоластика мен догматизмге 
қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау мен догматизмге қарама-
қарсы оқытудың бала табиғатына, оның мүмкіншіліктеріне сәйкесті 
болуын талап етті. 
Онын ойынша адам ақылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны — 
мектеп. Мектеп — «барлық адамды барлык нәрсеге үйрететін» 
адамгершіліктің 
шеберханасы. 
Коменскийдің 
ойынша, 
мектеп 
— 
оқушылардың «адамгершілігін», «ақылын» тәрбиелеудегі білім мен оқытуды 
ұйымдастыратын орталық. 
Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отыра, бір-
бірімен байланысты құрылған оқудың 4_сатысы__ кезеңін, осыларға сай 4 
түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды. 
1) Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде — «Ана мектебі». 
2) 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін әрбір кауымда «Ана тілі» мектебі. 
3) 12-ден 18 жастағы жастар үшін — әрбір қалада латын мектебі 
(гимназия). 
4) 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек 
деді. Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір-бірімен байланысты болды; сүйтіп, 
Коменский XVII ғасырдың өзінде біртекті мектеп жүйесі жөнінде 
демократиялық принцип ұсынды. 
Коменский окудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда 
келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да, біліммен каруландыру 
жағынан да оқудың жақа мазмұнын беруге тиіс деді. 
Коменский сол кездегі мектептерде латын тіліндегі оқу үстем болып 
тұрған кезде, бастауыш мектептің (элементарлық) ана тілінде болуын талап 
етті. Бұл мәселеде ол өмірге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана 
беріледі, тек осылай ғана балалардың ақыл-ойын ары карай дамыту міндетін 
жемісті шешуге болады деген негізгі қорытындыға сүйенді. Коменский мек-
тепке ана тілін кеңінен ендіру және оны дамыту жолында қажымас күрес 
жүргізді. Басқа тілді меңгеру сол ана тілінің көмегімен жүруге тиіс деген 
пікір ұсынды: «Алдымен, әрине, ана тілі, содан кейінгі ана тілінің орнына 
жүретін, атап айтқанда, көрші халықтын тілі» («Ұлы дидактика», XXIX 
тарау),— деді. 
Коменский мектеп білімінің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта 
шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жакты формалистік 
грамматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр 
салалы жан-жақты білім беруге шақырды. 


17 
Ұлы педагог жалпы білім негіздерімен қарулану керектігін ескертті. 
Оның ойынша қай тіл, қай ғылым мен искусство болса да әуелі қарапайым 
элементтерден бастап оқытылуы керек делінді. 
«Біз білім саласындағы тамаша атаулының бәрі ақыл аркылы енгізілуін 
тілейміз»,— деген. Латын мектебінің (гимназия) оқуына: физика, 
география, тарих пәндері енгізілуге тиіс. Бұл пәндер бір-бірімен 
байланысты 
түрде 
берілгені 
жөн»,— 
деді. 
Коменский өзінің тамаша шығармасы «Ұлы дидактиканы» барлық 
халық жастарын бүкіл білім салаларына жаңа жолмен, оңай және ұғымды 
етіп оқыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге 
салу мақсатын қойды. 
«Ұлы дидактиканың» мұқабасындағы толық аты бұл әйгілі еңбектің 
максаты мен мазмұнын түгелдей ашып берді. 
Коменский мектеп үшін жалпы бағдарламалар, оқулыктар, оқыту 
әдістерін жасап шығару ісін ең негізгі міндет деп санады. 
«Жұрттың бәрін қалайша арнаулы бір кітаптан оқытуға болар еді» деген 
сұраққа ол әр ғылым мен өнер-білім саласы бойынша оқу кітаптары болу 
керек деп жауап берді. Ол оқулықтарға қойылатын талаптар арқылы 
дидактика 
мәселелерін 
анықтады. 
«Мұндай 
кітаптарды 
женілдік, 
тиянақтылық және ыкшамдылық жөніндегі принциптерімізге сәйкес барлық 
мектептерге арнап шығару керек; олардың баяндалуы толық негізді және дәл, 
яғни бүкіл дүние жүзінің дәл суреті сияқты болуға тиіс. Менің айырықша 
тілейтінім, талап ететінім мынау ғана: ол кітаптар түсінікті және жеңіл 
тілмен жазылып, оны пайдаланған шәкірттер барлығын, тіпті мұғалімнің 
көмегінсіз-ақ, өздері түсінетіндей дәрежеге көтерілетін болсын». 
«Ұлы дидактикада» төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап берілді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет