168
жаппай білім алуын халқымыздың алдыңғы қатарлы, мәденитті елдерді
қуып жетуін аңсады.
Ол мұсылман мектептері орнына, « ой мен сезімнің өсуіне бөгет
жасаудан басқа түк пайдасы жоқ, жансыз схоластика болмайтын
мектептер» ашуды талап етті.
Ұлы ағартушы ең алдымен орыс халқынан үйрену керектігін, ол үшін
орыс оқуына бой ұрып,орыс оқуын қазақ даласына тарату халықтың
орыс деген достығын күшейтетіндігін,мұның өзі игі іс екендігін
көрегендікпен болжады. Шоқан қазақтарға орыс тілінің маңызын баса
айтқан адамдардың бірі болды. «Орыс тілін білмеген қазақ,- деп жазды
ол өзінің бір мақаласында,- оның заң-законын да білмейді»
Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы мен психологиясының біраз
жэақтарын талдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді
мейлінше сынады, бұларды қазақ қауымын ілгері бастырмайтын мерездер
деп ашынды. Мысалы осындай феодалдық өмірдің басты мерездерінің
бірі- барымта екендігін, оны жұрттың көпшілігінің баюдың, мал
жигнаудың ең жеңіл әдістерінің бірі деп қате түсініп жүргендігін
делеллдеді.
Ол мұндай кәсіппен айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды,
ал белгілі бір кәсіппен айналысу зор ынта уақыт тілейді деп дұрыс
тұжырымдады. Осылайша ол жастарды мұндай жағымсыз кәсіптен
бойларын аулақ ұстауға шақырды.
Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде материалистік
тенденция басым. Бұл оның көптеген еңбектерінде анық байқалады.
Мысалы « Записка №1» деген еңбегінде адам психикасы сыртқы ортаға,
әсіресе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты
қалыптасып отырады деген пікір айтты. Бірақ Шоқан адам
психологиясының қалыптасуындағы тарихи- қоғамдық факторлардың
шешуші ролін дұрыс ұғына алмады. Оның ойынша, жұрттың сана-
сезімін, әдет-ғұрпын географиялық орта билейд, Қа идеологиялық
факторлармен, ағартушылық әрекетпен жүзеге асырылатын
болады.Осыған орай адамның мініз- құлқы мен әдет- ғұрыптарының
қалыптасуында географиялық орта мен табиғаттың ролін Шоқанның
асыра бағалап жіберген кездері де болды.
Достарыңызбен бөлісу: