171
мектептерде алғашқы сабақты өзі өткізіп жас мұғалімдерге үлгі көрсетіп,
оларға тәлдім – тәрбие беріп отыруы да, мектептердің көпшілігінде жылдық
қорытынды емтиханды өзі алуы да, өзімен бірге өзгеге қатаң талап қоя білуі
де оның асыл қасиет екенін көреміз. Алтынсарин мектептерде орыс тілімен
қатар қазақтың ана тілінде жеке пән ретінде қарап, оған баса назар аударды.
Сөйтіп, ол Қазақсте\анда ұлы орыс халқының озат мәдениетін таратып,
мектептерді ұлттық кадрлар даярлайтын ортаға айналдырды.
Ыбырай Алтынсарин өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында істейтін
мамандар даярлап шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, маңызы зор игілікті
істің негізін салуды арман етті.Бұл арманына ол жете білді. Кейін Торғай
қаласында кәсіптік училище ашып, Қостанайда ауыл шаруашылығы
училищесін ұйымдастыруға ұйытқы болды.
Ыбырай қазақ балаларын оқулықтармен қамтамасыз етуге де көп еңбек
сіңірді.Ол орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинскийдің балалар әлемі деген
кітабын пайдаланды. Сол кітаптың бағытында өзі қазақ тілінде, бірақ араб
әріпімен емес, орыс әріпін тұңғыш қолданып, қазақ мектептеріне тұңғыш оқу
құралдарын жазды.
Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесінен К.Д. Ушинскийдің, Л.Н.
Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін қорыта отырып, Ыбырай «Қазақ
хрестоматиясы»және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге
басшылық» деген кітабын жазды. Ыбырайдың бұл еңбектері қазақ халқы
мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға, зор ғылыми табыс ретінде
жарыққа шықты. Ыбырайдың бұл кітаптарының жарыққа шығуы өз
кезінде қазақ халқы үшін үлкен мереке, сирек кездесетін тамаша мереке
еді. Тұңғыш педагог- ағартушының орыс әрпінің негізінде жазылған
оқулықтары ел арасында кең таралып саналы жастарды білімге тарта
бастады. Ыбырайдың үздіксіз жігерлі еңбегі арқасында, көп уақыт
талқыға түсе келіп, ақырында 1887 жылы Ырғыз қаласында қазақ
қыздарына арналған училище ашылды.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқы арасында ағарту ісін дамыту
жөніндегі педагогикалық идеясы мен батыл демократиялық көзқарастары
үшін патша өкіметінің чиновниктері тарапынан үнемі кедергілер көріп
отырды.
Достарыңызбен бөлісу: