177
Дәріс№13. Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы Білім беру
жүйесі (1945 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)
Жоспар:
1. 1945-90 жылдардағы қазақ мектебі мен педагогика саласындағы
ғылымы-әдістемелік жұмыстар.
2. Республиканың қайта жаңгыру жолында жүргізілген білім беру
жүйесінің қызметіне сипаттама. Білім саласының заман талабына сай
қайта құрылуы.
3. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі. Білім берудің мемлекеттік
стандарттары.
1. 1945-90 жылдардағы қазақ мектебі мен педагогика саласындағы
ғылымы-әдістемелік жұмыстар.
1938-1964 жылдары аралығында Қазақстанда халық ағарту ісі кеңінен
дами бастады. Соғыстан кейінгі жылдарда педагогика саласындағы ғылыми
зерттеу жұмыстарында дүние жүзілік және отандық педагогика
саңлақтарының мұралары зерттеле басталады. Қазақ педагогика ғылымы
саласының қалыптасуына еңбек сіңірген белгілі педагог
Төлеген Тәжібаев
(1910-1964) психология мен педагогиканың теориясы мен тарихы, ұлттық
мінез бен этнопсихология, халықтық педагогика, мораль, этика мәселелері
қарастырылған
еңбектер
авторы.Сонымен
бірге,
Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсиран, Абай Құнанбаевтың психологиялық, педагогикалық
көзқарастарын саралап, жас ұрпақ назарына ұсынды.
Оның 1948 жылы жазылған «К.Д.Ушинскийдің педагогикалық
психологиялық еңбектері», 1954 жылы жазылған «Абай Құнанбаев жастарды
тәрбиелеу туралы», «ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда
педагогикалық ой-пікірдің дамуы туралы» (1965) атты еңбектері
педагогикалық ой-пікірдің жан-жақты талданып, қайнар көзінің ашылуына,
қазақ мұғалімдерінің педагогикалық білімін дамытуға себепкер болды.
Достарыңызбен бөлісу: