Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет41/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99
6.
 
Қан сарысуындағы белок концентрацияларының бұзылу түрлері.
Плазмада белоктың жалпы мӛлшерінің кӛбеюі – 
гиперпротеинемия
деп 
аталады. Екі түрде болады. 1) 
Салыстырмалы гиперпротеинемия
қанда 
судың азаюымен байланысты, ол ұзақ уақыт шӛлдегенде, (су қаннан тіндерге 
алмасу процесі үшін кетеді), ағыл-тегіл іш ӛткенде (нәжіспен су кӛп шығады), 
тер кӛп бӛлінгенде, қантсыз диабетте, жүкті әйелдер тоқтаусыз құсқанда. 2) 
Абсолютті гиперпротеинемия 
сирек байқалады
– 
созылмалы полиартритте 
және басқа созылмалы қабыну процестерде γ-глобулиндердің (антиденелер) 
синтезімен байланысты. 
Қан плазмасында белоктың жалпы мӛлшерінің азаюы – 
гипопротеинемия
– екі түрде кездеседі. 
Салыстырмалы гипопротеинемия
– гидремия кезінде 
байқалады (сумен уланғанда). Глюкоза ерітіндісін және басқа физиологиялық 
сұйықтарды кӛп ендіргенде, анурия қанның сұйық бӛлігін кӛбейтіп, қанда 
белок 
мӛлшерінің 
азаюына 
алып 
келіп 
соғады. 
Вазопрессиннің, 
альдостеронның гиперсекрециясы кезінде, метаболттік ацидозда да белок 
мӛлшерінің азаюы байқалады. 
Абсолютті гипопротеинемия 
ашыққанда, 
асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылғанда, бауыр, бүйрек ауруларында, 
белоктардың транссудат пен экссудатқа ӛткен кезде байқалады.
Диспротеинемия 
– қан сарысуындағы белок фракцияларының ара 
қатынасының бұзылуы. Мұндай жағдай қан плазмасында жалпы белоктардың 
мӛлшері қалыпты жағдай да байқалуы мүмкін.


218 
Парапротеинемия – 
плазмада қалыпты жағдайда кездеспейтін белоктың 
пайда болуы. Оларға криоглобулиндер, Бенс-Джонс белогы индикаторлық 
белоктар жатады. 
Криоглобулин
құрылымы бойынша иммуноглобулин, бірақ антиденелердің 
қасиеттері оған тән емес, қан сарысуын суытқанда гель түзеді. 37
0
С –та 
преципитат түзе алатын криоглобулиндер ӛте қауыпты белоктар, себебі 
тромбоздың пайда болуына әкеледі. Криоглобулин миеломада (2-5% 
науқастарда), Вальденстрем макроглобулинемиясында (20% науқастарда), 
уремияда, нефрозда, бауыр циррозында, ревматизмде, лейкозда, қатерлі ісікте, 
туберкулезде, миокард инфарктісінде пайда болады.
Бенс-Джонс белогы
зәрдің 40-60
0
С температурасында тұнбаға түседі, 85-
100
0
С-қа дейін жағарлатқанда қайтадан ериді, миелома ауру кезінде пайда 
болады. 
«Индикаторлық белоктарға» жататын 
тропонин С
миокард инфарктісі 
болған 100% науқастардың қанында болады. Бұл белок кардиоарнайлық маркер 
және инфаркт болғаннан кейін 2,5 сағат арасында пайда болады. Алғашқы 
ұстама пайда болғаннан бастап 12 күнге дейін белоктың мӛлшері жоғары 
деңгейде болады. Максималды жоғарылау 12-14 сағат ӛткеннен кейін 
байқалады. Осы белокты 14 тәулік ӛткеннен кейін де қан құрамынан анықтауға 
болады. 
Миоглобин – миокард инфаркті басталғаннан 4 сағаттан кейін пайда 
болады, 22 сағат ӛткенде белоктың концентрациясы қалпына келеді.бұл белок 
тек ауру диагнозын анықтау үшін емес, оны болжау білу үшін де қажет. 
Миокард инфаркт кезінде алғашқы сағаттарда миоглобиннің кӛп мӛлшерде 
болуы аурудың жағдайының қиындығын кӛрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет