229
3)
Су әртүрлі зат алмасының реакцияларына, мысалы, гидролиз,
гидратация, дегидратация реакцияларына қатысады.
4)
Полярлы зат болғандықтан су электролиттердің диссоциациялауына
себеп болады.
5)
Судың тұтқырлығы ӛте аз, сондықтан арнайы тамырларда қанның және
лимфаның жүруін жеңілдетеді
6)
Жануарлар ағзасында су барлық мүшелер мен тіндердің бір-бірімен
байланысуын қамтамасыз етеді, бір мүшеден екінші мүшеге заттардың
тасымалдануына қатысады, ағзаның әр аймағында жүріп жатқан зат алмасуы
процестерін ӛзара байланыстырады.
7)
Су зат алмасуының гормондық реттелуін жүзеге асырады, ӛйткені
гормондардың әсер етуіне ықпал жасайды.
8)
Су денедегі жылуды реттеуге қатысады. Температураның реттелуі
терімен судың бӛлінуі мӛлшеріне байланысты. Су бӛлігінде дененің сыртқы
қабаты суыййды, сӛйтіп жылу ағзада сақталады.
Адам терлегенде жылудың 25%-ы бӛлінеді, тыныс алу процесінде де
осындай жылу бӛлінеді.
Ағзадағы жалпы судың мӛлшері жасқа байланысты ӛзгеріп отырады.
Мысалы, 4-айлық эмбрион салмағының 94%-ы, жаңа туған нәрістенің 77%-ы су
болады, ал ересек адамдарда: ерлерде - 60%, әйелдерде - 55% дейін тӛмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: