О.Френель принципі – екінші ретті когерентті толқындарды қабаттастыру кезінде
нәтижесінде кеңістіктің әртүрлі нүктелерінде тербеліс амплитудалары толқынның
таралу бағыты бойынша артатын, кері бағытта кемитін интерференция пайда
болады.
34.
Дисперсия – заттың сыну көрсеткішінің жарықтың жиілігіне тәуелділігі.
35.
Дифракция – жарықтың өлшемдері кішкентай денелерді орағытып өтіп, оның
геометриялық көлеңке аймағына өтуі.
36.
Жарықтың интерференциясы – жарық толқындарын қабаттастырғанда жарықтың
күшеюі немесе әлсіреуі.
37.
Когерентті толқындар – фазалық ығысулары тұрақты, жиіліктері бірдей
толқындар.
38.
Алғашқы түстер – басқа түстердің үйлесуі арқылы алынбайтын түстер.
39.
Қосымша түстер – қабаттасу кезінде ақ түсті беретін жарық түстері.
40.
Жарық корпускулалық-толқындық дуализмге ие, яғни ол корпускулалық
қасиеттерге де, толқындық қасиеттерге де ие.
41.
Түссіз заттардың түстерін шағылған сәулелер, түсті заттардың түсін шағылатын
және сынатын сәулелер анықтайды.
42.
Жарықтың максимум шарты біртекті ортада когерентті сәулелердің таралу
жолдарының айырымы толқын ұзындығының бүтін санына қалдықсыз бөлінген
жағдайда бақыланады.
43.
Жарықтың минимум шарты біртекті ортада когерентті сәулелердің таралу
жолдарының айырымы жарты толқын ұзындығының тақ санына қалдықсыз бөлінген
жағдайда бақыланады.
44.
Дифракциялық тор – түссіз аралықтармен бөлінген жіңішке саңылаулардың
жиынтығы.
https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат 45.
Жазық