поляризацияланған толқын – кернеулік векторы тек бір жазықтықта
тербелетін электромагниттік толқын.
46.
Поляризатор – толығымен немесе жартылай поляризацияланған жарық алуға
арналған құрылғы.
47.
Шағылу заңы : түсу бұрышы шағылу бұрышына тең. Түскен сәуле, шағылған сәуле
және сәуленің екі ортаның шекарасына түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр
бір жазықтықта жатады.
48.
Сыну заңы : екі орта үшін түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына
қатынасы тұрақты шама. Ол екінші ортаның бірінші ортаға қатысты салыстырмалы
сыну көрсеткішіне тең.
49.
Түскен сәуле, сынған сәуле және сәуленің екі ортаның шекарасына түсу нүктесіне
тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
50.
Абсолют сыну көрсеткіші – жарықтың вакуумда таралу жылдамдығы берілген
ортада таралу жылдамдығынан неше есе артық екенін көрсететін физикалық шама.
51.
Линзаның бас оптикалық осі – линза беттерінің қисықтық центрлері арқылы
өтетін түзу.
52.
Линзаның оптикалық центрі – бас оптикалық өстің линза жазықтығымен қиылысу
нүктесі.
53.
Микроскоп тубусының оптикалық ұзындығы – объектив пен окуляр
фокустарының қашықтығы.
54.
Салыстырмалы сыну көрсеткіші – жарықтың бірінші ортадағы таралу
жылдамдығы екінші ортадағы таралу жылдамдығынан неше есе артық екенін
көрсететін физикалық шама.
55.
Линзаның қосымша оптикалық өсі – линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін
кез келген түзу.
56.
Телескоп – аспан денелерін бақылауға арналған көру түтігі.
57.
Сызықтық ұлғайту – кескін биіктігінің дене биіктігіне қатынасына тең физикалық
шама.
58.