Құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат



Pdf көрінісі
бет65/67
Дата01.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#112263
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
ФИЗИКА ҰБТ2023 ТЕОРИЯ ЖИНАҚ 7-11сынып. Мұхамеджан Нұрболат

Сызықтық
спектрлер
– жеке спектрлік сызықтардан тұратын атомдардың ұшып 
шығуы мен жұтылуының оптикалық спектрлері. 
70.
Сызықты емес оптика –
қуатты жарық шоқтарының қатты денелерде, сұйықтарда 
және газдарда таралуын және олардың затпен өзара әрекеттесуін қарастыратын 
физикалық оптика бөлімі. 
71.
Дененің жұтылу қабілеттілігі
– жиіліктер интервалында дененің жұтқан сәулелену 
ағынының осы интервалда денеге түскен сәулелену ағынына қатынасына тең 
физикалық шама. 
72.
Энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы немесе температурасы 
дененің сәулелену қабілеттілігі
– жиіліктер интервалында алынған энергетикалық 
жарқыраудың осы жиіліктер интервалы шамасына қатынасына тең физикалық шама. 
73.
Спектрограф
– күрделі жарықты жіктеуге және спектрлерді суретке түсіруге 
арналған аспап. 
74.
Спектроскоп
– күрделі жарықты жіктеуге және спектрлерді бақылауға арналған 
аспап. 
75.
Жылулық сәулелену
– қыздырылған денелердің ішкі энергияларының есебінен 
шығарылатын электромагниттік сәулелену.
76.
Фотоэффект
– жарық немесе басқа кез келген электрмагниттік сәулелену әсерінен 
заттан электрондардың ұшып шығуы. 
77.
Дененің энергетикалық жарқырауы 
– температурасы дене бетінің бірлік ауданы 
арқылы барлық бағытта барлық жиіліктер диапазонында таралатын энергияның 
сәулелену уақытына қатынасына тең физикалық шама. 
78.
Комптон эффектісі
– сулелену жиілігінің азаюымен қатар жүретін бос электронда 
электрмагниттік сәулеленудің шашырауы. 
79.
Бөлшектердің дифракциясы 
– зат молекулаларында (атомдарында) бөлшектердің 
шашырау процесі, осы кезде бөлшектерде толқындық қасиеттер байқалады. 
80.
Табиғи радиоактивтілік 
– радиоактивті сәулелену арқылы ядролардың өздігінен 
басқа ядроларға айналуы. 
81.
Заттағы α-бөлшектердің тоқтағанға дейінгі жүріп өткен жолы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет