Әр түрлі кодтамаларда бірдей екілік кодқа əр түрлі символдар
сəйкес келеді. Әрбір кодтама өзінің жеке кодтық кестесімен беріледі.
Пайдаланушының тапсырмасына мəтіндік құжаттарды қайта кодтау
мəселесін шешу кірмейді. Windows қосымшаларында жұмыс істеген
кезде MS-DOS қосымшаларында құрылған құжаттарды автоматтық
қайта кодтау мүмкіндігі қарастырылған. Internet-те Internet Explorer,
Opera немесе Google браузерлерін қолдана отырып жұмыс жасау
кезінде Web-парақтардың автоматтық қайта кодталуы жүргізіледі.
Мəтіндік ақпаратты екілік кодтау кезінде əрбір символға сегіз нөл
мен бірліктерден тұратын өзінің бірегей жүйелілігі, 00000000-ден
11111111 дейін (0-ден 255 дейін ондық код) өзінің бірегей екілік коды
сəйкес келеді.
Алғашқы 33 код (0-ден 32 дейін) символдарға сəйкес келмейді,
операцияларға сəйкес келеді (жолды аудару, бос орын енгізу жəне т.б.).
33-тен 127 дейін кодтар интернационалдық болып табылады жəне
латын
алфавитінің
символдарына,
сандарға,
арифметикалық
амалдардың белгілеріне жəне тыныс белгілеріне сəйкес келеді. 128-ден
255 дейін кодтар ұлттық болып табылады, яғни ұлттық кодтамаларда
бірдей кодқа əр түрлі символдар сəйкес келеді.
Қазіргі уақытта орыс əріптеріне арналған бес əр түрлі кодтық
кестелер бар, сондықтан бір кодтамада құрылған мəтіндер басқасында
ұқсас бейнеленбейтін болады.
Компьютерде орыс əріптерін кодтаудың алғашқы стандарттарының
бірі UNIX операциялық жүйесі бар компьютерлерге арналған КОИ-8 (8
биттік ақпарат алмасу коды) коды болды.
Ең кең танымалы СР1251 (СР —
Code Page
— кодтық парақ)
белгіленетін, Microsoft Windows стандартты кириллица кодтамасы
болып табылады, оны орыс тілімен жұмыс жасайтын барлық Windows-
қосымшалар сүйемелдейді.
MS-DOS операциялық жүйесі ортасында «альтернативті» кодтама
қолданылады, Microsoft фирмасының терминологиясында – кодтама
СР866.
Macintosh компьютерлері үшін Apple фирмасы орыс тілінің жеке
кодтамасын жасап шығарды (Мас).
Стандарттау бойынша халықаралық ұйым
Достарыңызбен бөлісу: