Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет119/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Триангуляциялық белсенді лазерлі 
3D-сканерлер 
сканерлеу 
объектісіне лазерлі сəуле жібереді жəне камераны нүкте орналасуын 
іздеу үшін қолданады, ол бет бойынша лазерлі сəуленің орын 
ауыстыруына байланысты камераның көру шегінің түрлі жерлерінде 
пайда болады. Бұл технология триангуляция деп аталады, себебі 
лазерлік нүкте, камера мен лазерлі сəулелендіргіш үшбұрыш құрады. 
Үш көрсеткіш үшбұрыштың пішіні мен өлшемін анықтайды: камера 
мен лазер арасындағы қашықтық; лазердің көлбеулену бұрышы; 
бетіндегі шағылысатын сəуле жағдайы секілді камераның көлбеулену 
бұрышы (6.12-сурет). 
Құрылымдалған жарық технологиясы бойынша жұмыс 
жасайтын 
3D-сканерлер видеопроектор немесе жарықтың басқа 
тұрақты көзінің көмегімен координаталық тордың проекциясын 
объектке жасайды. Бұл тордың пішінінің өзгеруін есепке алып, 
проектордан кішкене шеткері орналасқан камера пішінді белгілейді 
жəне көру шегіндегі əр нүктеге дейін қашықтықты есептеп шығарады. 
Кейбір қолданыстағы жүйелер нақты уақыт режиміндегі қозғалатын 
обьектілерді де сканерлей алады. 
Модуляцияланған жарық негізіндегі 
3D-сканерлар затқа үздіксіз 
жарық сəулесін проекциялайды. Сəуле объектте сызықтық суреттер 
қатарын түзеді (синусоидты сурет). Камера шағылысқан жарықты 
белгілейді жəне объектке дейінгі қашықтықты, жарық сəулесі əр 
жолақты жылжытып, өткен жолды анықтайды. Модуляцияланған 
жарық сканердің камерасына лазерден басқа көздерден жарықты 
қабылдамауға мүмкіндік береді, олар солайша бөгеттердің деңгейін 
төмендетеді. 
Ең көп практикалық қолданыс тапқан лазерлі сканерлер болып 
табылады. 
Лазерлі сканер 
объектке дейінгі қашықтықты жəне екі бұрышты 
өлшейді, ол ақыр соңында объекттің əр нүктесінің координаталарын 
223 


6.12
-сурет. Лазерлі триангуляция датчигінің жұмыс принципі
Мұндай сканердің құрылымдық схемасы 6.13,а-суретінде көрсетілген. 
Лазермен тудырылған жарық шоғы объект бетінен шағылысады жəне 
қабылдағышқа оралады. Айналмалы призма (немесе айна) шоқты тігінен 
алдын ала берілген қадамымен (мысалы,0,1°) бөледі. Осылайша, бөлек 
алынған тік сканерлеуде 0,1° дискреттілігімен барлық нүктелер өлшенеді 
(мысалы, сканерлеудің ең жоғары вертикаль бұрышы кезінде 140° олар 
сəйкесінше 1 400 болады). Содан соң серво жетек өлшеу бастиегінің 
блогын өлшеу қадамына тең бұрышқа бұрады (сол дискреттілік кезінде 0,1° 
сканердің толық айналымы 3600 бөлек вертикаль жазықтықтардан тұрады). 
Осылайша, кеңістіктің толық цифрлық суреті 5 040 000 нүктелер 
жиынтығымен көрсетіледі. Лазерлі шағылысудың таралу жылдамдығын 
біле отырып, сонымен қатар импульс шығу кезеңінен оның қабылдау 
кезеңіне дейін өткен уақытты біліп, объектке дейінгі қашықтықты 
анықтауға болады (6.13, 
б-сурет). 
Импульстің шағылысу мезетіндегі 
бағыттаушы айнаның бұрыштық ауытқуының мəнін біліп, бастапқы 
импульс түскен объекттің нүктесінің шартты координаталарын анықтауға 
болады. 
Сканерлеу нəтижесінде нүктелердің орасан зор санымен сипатталған 
объекттің кеңістікті моделін алады, нүктелердің əрқайсысының X, 
Y, Z 
координаталары болады. Әр нүкте үшін төртінші сипаттама шағылысқан 
сəулеленудің цифрлық түрде көрсетілген қарқындылығы болып табылады. 
224 


Шағылысқан сигналдың қарқындылық мəні объекттің құрауыш 
материалына, оның құрылымына, түсіне жəне т.б. байланысты. 
Көптеген нүктелермен сипатталған объекттің кеңістіктік моделі 
нүктелер бұлты деп аталады. Мамандандырылған бағдарламалық 
жабдықтама көмегімен түсірмеден кейін алынған «нүктелер бұлты» 
бір бірімен «тігіледі». Біріктірілген «нүктелер бұлты» кез келген 
қажет етілетін координаталар жүйесіне ауыстырыла алады. 
Алынған кеңістіктік модельде 
6.13
-сурет. Лазерлі 3D-CKaHep:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет