Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет120/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

а 
— құрылымдық схема; 
б 
— объектке дейін қашықтықты өлшеу принципі 
225 


түрлі геометриялық параметрлердің өлшеуін орындауға (қашықтық, 
бұрыштар, диаметрлер жəне т.б.), сонымен қатар қималар мен 
қиықтарды тұрғызуға болады. 
Келесі кезең векторлық модельдерді тұрғызу болып табылады. 
Бұған не «бұлт» нүктелерінде шыңдарымен үшбұрыш тұрғызу əдісімен 
«триангуляциялы немесе полигоналды модель), не примитивтер 
жиынтығын пайдаланумен (нүкте, вектор, жазықтық, цилиндр, шар 
жəне т.б.) қол жеткізуге болады. Берілген жағдайда «нүктелер бұлты» 
дұрыс геометриялық денелерден тұратын векторлы модельге 
көшіріледі. 
Алынған деректер ары қарай қолдану үшін 
AutoCad, ArcView, 
MicroStation 
жəне басқалары секілді бағдарламалық пакеттерге 
экспортталады. Бұдан басқа, талдау мүмкіндігі болады – олардың 
келіспеушілігін берумен, түрлі уақытта алынған сол бір объекттің 
«нүктелер бұлттарын» біріне бірін салу. Осылайша, ғимараттар, 
құрылыстар, көшкін учаскенің деформация мониторингі бойынша 
жұмыстар жүргізуге, құрылымдардың жылулық кеңейтілуін анықтауға 
болады. 
Әдетте сканер штативке орнатылады жəне түсірілетін объектке 
бағытталады. Оператор сканерді бағдарламалау үшін, сканерлеу 
аймағын анықтау жəне сканерлеуді іске қосу үшін КПК қолданады. 
Оның сканермен байланысы Wi-Fi-порт немесе кабель арқылы жүзеге 
асырылады. Сканерлеудің барлық деректері сканер слотына 
орнатылатын жады картасына жазылады. 
Лазерлі 3D-сканерлеу лазерлі технологиялардың көмегімен беттің 
сканерлеу немесе өлшеудің жалпы əдісін сипаттайды. 
Құрылыста лазерлі 3D-сканер қолданыстағы көпірлердің, өнеркəсіп 
мекемесінің, монументтің орындау сызбаларын дайындау үшін; тарихи 
ескерткіштерді, туристік объектілерді құжаттандыру үшін; автомобиль 
жолдарын қайта құру үшін қолданылады. 
Өнеркəсіпте 3D-сканерлердің көмегімен күрделі пішінді өндірістің 
жоғары дəлдікті обьектілердің сапасының бақылауын, жабдықтаудың 
бөлек элементтерінің тозуын бағалауын, шахталарда жер қойнауының 
сканерлеуін жүргізеді. 
Медицинада 
3D-сканерлер 
CAD/CAM-технологияларын 
пайдаланумен 
протездер 
мен 
имплантаттарды 
жасау 
үшін 
стоматология мен ортопедияда белсенді қолданылады. 
Ойын-сауық индустриясында 3D-сканерлер кинематограф пен 
бейнеойындарда цифрлық 3D-модельдерін жасау үшін белсенді 
қолданылады. Егер жасалатын модельдің шынайы өмірмен ұқсастығы 
болса, онда 3D-модельдеу арқылы осы модельді жасауға қарағанда, үш 
өлшемдік моделін жасау тезірек болады. 
226 


3D-сканерлер сонымен қатар 3D-баспа саласында белсенді 
қолданыс табуда, себебі қысқа мерзімде кезекті түзеу мен баспаға 
жарамды түрлі объекттер мен беттердің нақты 3D-модельдерін жасауға 
мүмкіндік береді. Бұл салада сканерлеудің түйіспелі де, түйіспесіз де 
əдістері қолданылады. 
Сканерлер негізінен USB2.0, Ethernet, USB3.0, SCSI аппараттық 
интерфейстерін қолданады. 
Сканерді жеткізу жиынтығына арнайы бағдарлама кіреді – драйвер, 
ол сканердің негізгі параметрлерін күйге келтіру жəне сканерлеу 
рəсімімен басқару үшін арналған. Драйверлер жиынтығы моделіне 
байланысты ерекшеленуі мүмкін, бірақ компьютердің операциялық 
жүйесімен сканердің өзара əрекеттесуі үшін қажетті əмбебап 
интерфейстер де болады. Оның ішінде, сканерлердің сипаттамасында 
TWAIN, WIA мен ISIS-драйверлері деген қысқармаларды жиі 
кездестіруге болады (стандарттар, хаттамалар). 
TWAIN 
— фирмалардың қатарымен жасап шығарылған драйвер 
форматы. 
Аппараттық жəне бағдарламалық құрылғылардың жетекші 
өндірушілері — Aldus, Caere, Eastman Kodak, Hewlett-Packard пен 
Logitech компаниялары — TWAIN драйверінің өзіндік форматын жасау 
үшін күштерін біріктірді. TWAIN стандарты сканер драйвері мен 
қолданбалы бағдарлама арасында деректермен алмасу ретін 
анықтайды, ол түрлі компьютерлік платформалардың, түрлі модельді 
сканерлер мен деректерді ұсыну форматтарының үйлесімділік 
мəселесін шешуге мүмкіндік берді. TWAIN-үйлесімді сканер 
көмегімен кез келген бағдарламадан кескіндерді сканерлеуге болады. 
WIA 
Windows Imaging Architecture 
болып түсіндіріледі

Бұл 
стандарт арнайы ОС Windows үшін жасалған жəне Microsoft 
компаниясымен жасап шығарылған. Ол стандартты жəне пайдаланушы 
үшін үйреншікті Windows құралдарының көмегімен сканермен 
ыңғайлы басқару үшін арналған. Мысалы, сканер дəл WIA драйверінің 
арқасында қосу кезінде компьютердің құрылғылар диспетчерінде 
көрсетіледі, ал біз үйреншікті əдіспен оның құрамы мен қасиеттерін 
қарай аламыз. 
ISIS интерфейсі 
(Image and Scanner Interface Specification), 
Twain 
секілді, сканер мен компьютердің өзара əрекеті үшін жасалған, бірақ 
күрделі тапсырмаларды орындауға қабілетті. Ол модульдердің 
жиынтығын береді, олардың əрқайсысы белгілі функцияны атқарады 
(сканерлеу, айырбастау, компрессия). Бұл модульдер күрделі, 
көпдеңгейлі тапсырмаларды орындау үшін конвейерлер түзіп, біріге 
алады. ISIS БЖ жасаушыларына сканерлеумен байланысты 
тапсырмаларды біріктіру үшін сенімді жəне тұрақты интерфейсті 
ұсынады. ISIS өнеркəсіптік стандарт болып табылатындықтан, 
227 


ISIS-драйвері бар сканер пайдаланушысы алынған аппарат берілген 
стандартты есепке алумен жасалған операциялық жүйелердің 
барлық қосымшаларымен үйлесімді екендігіне сенімді бола алады. 
6.3.6.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет