Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет25/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Енгізу-шығару шиналары 
ДК-дің перифериялық құрылғыларының 
дамуымен сəйкес жетілдіріледі. 2.2 кестеде кейбір енгізу-шығару 
шиналарының сипаттамалары келтірілген. 
ISA шинасы 
көптеген жылдар бойы ДК стандарты болып саналды. 
Алайда тəжірибе жүзінде ол тек 2001 жылы нарықтан шығарылып 
тасталды. 
Нарықта пайда болған VESA шинасының өткізгіштік қабілетіне 
жол беретін 
EISA шинасы 
бағамы мен өткізу қабілетінің жоғары 
болуына байланысты кең таралмады. 
VESA немесе VLB шинасы, 
CPU-дың жылдам перифериялық 
құрылғылармен байланысуы үшін арналған. Қазіргі уақытта оны 
өнімділігі жоғарылау РСІ шинасы ығыстырды. 
PCI шинасы 
Pentium процессорына арнап Intel фирмасы жасап 
шығарды. РСІ шинасының негізіне салынған негізін қалайтын 
принципі көпірлерді 
(Bridges) 
қолдану болып табылады

 
Кесте 2.2. Енгізу-шығару шиналарының сипаттамалары 
 
Шина 
Разрядтылығы, Тактілік жиілігі, 
Өткізгіштік 
қабілеті, 
Мбайт/с 
ISA 16-разрядты 
16 
8,33 
0016,6 
EISA 
32 
8,33 
0033,3 
VLB 
32 
33 
0132,3 
PCI 
32 
33 
0132,3 
PCI 2.1 64-разрядты 
64 
66 
0528,3 
AGP (1x) 
32 
66 
0262,6 
AGP (2x) 
32 
66 x 2 
0528,3 
AGP (4x) 
32 
66 x 2 
1056,6 
 
 
41 


олар РСІ шинасы мен басқа типтегі шиналар арасында өзара 
байланысты жүзеге асырады. PCI шинасында Bus Mastering принципі 
орындалған, ол сыртқы құрылғының деректерді тасымалдау кезінде 
шинаны басқаруын (CPU қатысуынсыз) түсіндіреді. Ақпаратты 
тасымалдау кезінде 
Bus Mastering 
қолдайтын құрылғы шинаны 
қамтиды жəне басты болады. Бұл жағдайда орталық процессор 
деректерді тасымалдау жүріп жатқанда басқа тапсырмаларды шешу 
үшін босайды. Аналық тақталарда РСІ шинасының тактілік жиілігі 
жүйелік шинаның тактілік жиілігінің жартысы есебінде есептеледі, 
яғни жүйелік шинаның 66 МГц тактілік жиілігі кезінде РСІ шинасы 33 
МГц жиілікте жұмыс істейтін болады. PCI шинасы енгізу-шығару 
шиналары арасында нақты стандарт болып қалды. 2.8 суретте РСІ 
шинасының архитектурасы көрсетілген. 
PCI Express өзінің кодтық атауын алды 3GIO (ағылшын тілінен 
3-d 
Generation I/O) 
— РСІ шинасы бағдарламалық үлгісінің негізінде 
өнімділік физикалық хаттамасымен қамтамасыз етілетін деректерді 
тізбекті тасымалдауын қолданатын компьютерлік шина. Өнімділікті 
арттыруға тырысқан кезде деректерді параллель пайдалану оның 
физикалық кеңейтуін білдіретіндігіне байланысты деректерді тізбекті 
тасымалдау масштабтау (1х, 2х, 4х, 8х, 16х жəне 32х) қабілетіне ие, 
яғни ол жасап шығару кезінде біршама басымырақ. 
AGP шинасы 
— тек видеожүйе қажеттіліктеріне арналған 
тезəрекетті жергілікті енгізу-шығару шинасы. Ол видеоадаптерді (3D- 
акселератор) ДК жүйелік жадысымен байланыстырады. AGP шинасы 
РСІ шинасы архитектурасының негізінде жасап шығарылған, 
сондықтан ол 32-разрядты болып табылады. Бірақ жоғары тактілік 
жиіліктерді пайдалану есебінен оның өткізгіштік қабілеттерін 
арттырудың қосымша мүмкіндіктері бар. Егер PCI теориялық 
өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ететін 33х32 = 1 056 Мбит/с = 132 
Мбайт/с стандарт нұсқада PCI 32-разрядты шинасы 33 МГц тактілік 
жиілікке ие болса, онда AGP шинасы 66 МГц сигналмен тактіленеді, 
сондықтан оның өткізгіштік қабілеті 1x режимде 66х32 = 264 Мбайт/с; 
2x режимде эквиваленттік тактілік жиілік 132 Мгц, ал өткізгіштік 
қабілет — 528 Мбайт/с; 4x режимде – өткізгіштік қабілет шамамен 1 
Гбайт/с құрайды. 
USB шинасы 
перифериялық құрылғыларды ДК корпусынан тыс 
жалғау үшін Compaq, DEC, IBM, Intel, Microsoft компьютерлік жəне 
телекоммуникациялық өнеркəсіп көшбасшыларымен жасалған. 
USB 
техникалық 
сипаттамалары 
алмасудың 
əр 
түрлі 
жылдамдықтары бар құрылғылардың қосылу мүмкіндігін жобалайды. 
42 


2.8. Сур. PCI шина архитектурасы 
Жоғары алмасу жылдамдығы 
(full-speed signaling bit rate) 
— 12 Мбит/с, 
ал төмен алмасу жылдамдығы 
(low-speed signaling bit rate) 
— 1,5 Mбит/с. 
Төмен жылдамдық режимінде USB шинасын мынадай перифериялық 
құрылғылар 
қолданады: пернетақталар, тінтуірлер, джойстиктер, 
матрицалық 
принтерлер, 
дигитайзерлер, 
сандық 
фотокамералар, 
қарапайым телефон желісіне арналған модемдер, мониторды басқаратын 
тізбектер. Жоғары жылдамдық режимінде: колонкалар, ISDN-модемдер, 
Iomega Zip класс сыртқы тасымалдағыштар, кеңселік АТҚ, лазерлік жəне 
бүріккіш принтерлер. 
2.0
USB версиясы шинаны өткізу жолағы 20 есе арттырылғанымен 
ерекшеленеді, ол IEEE 1394 (FireWire) тікелей бəсекелесіне айналған 
видеодеректерді USB бойынша тасымалдауды мүмкін етеді. 
43 


2.9-сурет. USB шиналарының архитектурасы 
USB шинасы 
Plug 

Play 
технологиясын сүйемелдейді

Перифериялық құрылғыны жалғаған кезде оның конфигурациялануы 
автоматты түрде жүзеге асырылады. Барлық перифериялық 
құрылғылар USB жалғағыштармен қамтылуы тиіс жəне ДК-ге USB-хаб 
немесе концентратор деп аталатын жеке ақпарат шығарғыш блогы 
арқылы жалғана алуы керек, оның көмегімен ДК-ге 127 дейін 
перифериялық құрылғыларды жалғауға болады. USB шинасының 
архитектурасы 2.9 суретте көрсетілген. 
44 


USB 3.0 версиясы ақпаратты тасымалдау ең жоғары жылдамдығын 
5 Гбит/с дейін арттырады, ол USB 2.0 (480 Мбит/с) бірталай көп. 
Сонымен, тасымалдау жылдамдығы 60-тан 600 Мбайт/с дейін артады. 
SCSI шинасы (Small Computer System Interface) 
деректерді 
тасымалдау жылдамдығын 320 Мбайт/с дейін қамтамасыз етеді жəне 
сегіз құрылғыға дейін бір адаптерге жалғануын бақылайды: 
винчестерлер, 
CD-ROM 
жетектері, 
сканерлер, 
фото- 
жəне 
бейнекамералар. SCSI ерекшеліктері оның кабельдік шлейф болып 
табылатындығы. 
2.9
-сурет. Қосылған құрылғылары бар SCSI шинасы
45 


ДК-дің шиналарымен (ISA немесе PCI) SCSI шинасы хост-адаптер 
арқылы байланысқан 
(Host Adapter). 
Шинаға жалғанған əрбір құрылғы 
өзінің сəйкестендіру номері (ID) болады. SCSI шинасына жалғанған кез 
келген құрылғы басқа құрылғымен алмасуға бастамашылық етеді. 
2.10
суретте перифериялық құрылғылардың SCSI шинасы 
көмегімен ДК-ге жалғануы көрсетілген. SCSI версиясының кең 
диапазоны бар ең көп өткізу қабілетін қамтамасыз ететін ең көп 
өткізгіш қабілеті 5 Мбайт/с SCSI I алғашқы версиядан бастап ең көп 
өткізу қабілеті 640 Мбайт/с Ultra 640 нұсқасына дейін бар. 
IEEE шинасы 1394 
(Fire Wire, i-Link) — ол Apple жəне Texas 
Instruments фирмаларымен жасап шығарылған жоғары жылдамдықты 
жергілікті тізбекті шинаның стандарты. IEEE 1394 шинасы ДК жəне 
басқа да электрондық құрылғылар арасында өзара сандық ақпаратпен 
алмасуға арналған, əсіресе қатқыл дисктер мен ауди- жəне 
бейнеақпараттарды өңдеу құрылғыларын, сондай-ақ мультимедиялық 
қосымшалар жұмысына арналған. Ол S3200 спецификациясында 
деректерді 3 200 Мбит/с жылдамдықпен беретін деректерді 
тасымалдауға, SCSI сияқты əр түрлі жылдамдықпен деректер бере 
алатын бір уақытта бірнеше құрылғылармен жұмыс істеуге қабілетті. 
USB сияқты IEEE 1394 шинасы ДК-ді қорек көзінен ажыратпастан 
компоненттерді орнату мүмкіндігін қоса алғанда толықтай Plug & Play 
технологиясын сүйемелдейді. 
IEEE 1394 интерфейсі арқылы компьютерге SCSI-мен жұмыс 
істеуге қабілетті кез келген құрылғыларды жалғауға болады. Оларға 
қатқыл, оптикалық түрлерін қоса алғандағы дисктердегі барлық 
тасымалдағыштар түрлері, CD-ROM, DVD, сандық бейнекамералар, 
магниттік таспаға жазу құрылғылары жəне тағы басқа да 
перифериялық құрылғылар жатады. Осындай үлкен мүмкіндіктердің 
арқасында осы шина компьютерді тұрмыстық техникамен біріктіру 
үшін біршама перспективалы бола түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет