Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


  АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет175/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

10.2. 
АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ 
ҚҰРАЛДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 
Ақпараттандырудың техникалық құралдары кешенінің жұмысын 
үздіксіз жəне апатсыз қамтамасыз ету үшін оның барлық құрылғыларына 
өз уақытында қызмет көрсету қажет. Алдымызда келтірілген кеңестер 
ақпараттандырудың техникалық құралдарына түрлі қызмет көрсетуді 
дұрыс орындауға мүмкіндік береді. 
Ескерту! 
Барлық техникалық құралдарға көмек көрсету қоректен 
ажыратылған күйде жасалу керек! 
ДК жүйелік блогы 
салқындатуды қамтамасыз ететін желдеткіші 
болады. Ауамен бірге корпусқа шаң бөліктері түседі, олар барлық 
кешеннің жұмысының тоқтауына алып келуі мүмкін. Мысалы, 
жинақтағыш оқу-жазбасының бастиегіне шаңның түсуі оның жұмысына 
кедергі болып, жұмысын тоқтатуға дейін алып келеді. Корпусты ашып, 
қоректен ажыратқаннан кейін шаңды сүртіп тастайды. Аналық тақшадан 
жаңды жұмсақ қылқаламмен алады, ал қорек блоктан – шаңсорғышпен 
алып тастайды. Жүйелік блоктың сыртқы бетін жұмсақ шұғамен жəне 
тұрғын немесе арнайы тазартқышпен тазалайды. Қатқыл дискілердің 
жетегін əдетте пайдаланудың кепілдік мерзімінің ішінде қызмет көрсетуді 
талап етпейді. 
CD 
немесе 
DVD жетегінің 
оптикалық бөлігіне шаң түскенде 
жұмыстан шығуы мүмкін. Жетекті ауа ағынымен немесе шаңнан тазартуға 
арналған арнайы аэрозольді тазалағышпен тазалаған жөн. Оптикалық 
жүйеден ешқашан шаңды үрлемеңдер, өйткені дем шығарудың дымқыл 
ауасы оптикалық жүйенің арнайы жабынына зақым келтіреді. 
ДК пернетақтасы 
оған шаңның кіруінің салдарынан жұмыс істемей 
қалуы мүмкін. Пернетақтаны қатты тазалауды шаңсорғышпен жасауға 
болады, ал мұқият тазалау үшін сулық немесе, арнайы сұйықтыққа немесе 
аэрозольге батырылған дымқыл шүберекпен пайдалануға болады. 
339 


Егер тазалаудан кейін монитор бастырманың басуын сезінбесе, 
немесе түсіп кетсе, корпустың кері жағынан бұранданы бұрап, 
пернетақтаны ашу қажет. 
Тақтаға мұқият қарау кезінде кеңсе түйреуіштері немесе басқа 
заттардан жұмыс істемеудің себебін табуға болады. Егер басқа 
заттар механикалық зақым келтірмеген жағдайда, жұмыс қабілетіне 
кері əсерін тигізген байланыстың болмауы. Осы жағдайда тақтаны 
құрғақ шүберекпен сүртіп, содан кейін арнайы аэрозольмен себу 
қажет. Егер пернетақта қандай да бір сұйықтықпен ластанған 
жағдайда, корпус пен тақтаны жылы сумен сабынсыз жууға
болады, жылулығы орта жерде кептіріп, қайтадан жинау қажет. 
Осыдан кейін пернетақтаның жұмыс істеуі не істемеуі 50%. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет