Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет24/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

2.5.1.
 
Шинаның негізгі сипаттамалары 
 
Шинаның разрядтылығы 
оған кіретін параллель өткізгіштердің 
санымен анықталады. IBM PC үшін алғашқы ISA шинасы 8-разрядты 
болды, яғни ол бойынша бір уақытта 8 бит бере алу мүмкін болды. ДК 
жүйелік шиналар, мысалы, Pentium IV — 64-разрядты. 
Шинаның өткізгіштік қабілеті 
шина бойынша 1 с ішінде 
берілетін ақпараттың байттар санымен анықталады. Шинаның 
өткізгіштік қабілетін анықтау үшін шинаның тактілік жиілігін оның 
разрядтылығына көбейту керек. Мысалы, 16-разрядты ISA шинасы үшін 
өткізгіштік қабілеті мынадай анықталады: 
(16 бит • 8,33 МГц) : 8 = 16,66 Мбайт/с. 
Өткізгіштік қабілетін есептеу кезінде, мысалы, AGP шинасының, 
оның жұмыс режимін ескеру керек: видеопроцессордың тактілік 
жиілігінің екі есе артуының жəне деректерді беру хаттамасының 
өзгеруінің арқасында шинаның өткізгіштік қабілетінің екі есе артуына 
(2х режимі) немесе 4 есе (4 x режимі) қол жеткізілді, ол тиісті реті саны 
(133 жəне 266 МГц дейін сəйкесінше) шинаның тактілік жиілігінің 
артуына сайма сай. QPI жүйелік шинасының өткізгіштік қабілеті əрбір 
жағына 12,8 ГБ/с жетеді. 
Сыртқы құрылғылар шиналарға ДК-дің қайсы бір перифериялық 
құрылғысының ДК мен орталық процессор арасындағы ақпарат 
алмасуды ұйымдастыруды анықтайтын əр түрлі сипаттамаларының 
жиынтығын білдіретін интерфейс 
(Interface 
— түйіндесу) көмегімен 
қосылады. 
Осындай сипаттамалар қатарына электр жəне уақытша параметрлер, 
басқарушы сигналдар жинағы, деректермен алмасу хаттамасы мен 
қосылудың конструктивті ерекшеліктері жатады. ДК компоненттері 
арасында деректермен алмасу осы компоненттер үйлесімді болған 
жағдайда мүмкін болады. 
2.5.2.
 
ДК шиналарының стандарттары 
IBM-үйлесімдік принципі ДК-дің жеке компоненттерінің интерфейсін 
стандарттауды жобалап түсінеді, ол өз кезегінде тұтас жүйенің икемділігін, 
яғни қажеттіліг бойынша жүйенің конфигурациясын өзгерту жəне əр түрлі 
перифериялық 
құрылғыларды 
жалғау 
мүмкіндігін 
анықтайды. 
Интерфейстердің үйлеспеуі жағдайында контроллерлер қолданылады. Одан 
басқа, жүйенің икемділігі мен бірегейлендіруі тізбекті жəне параллель 
деректерді беру интерфейстері сияқты аралық стандартты интерфейстерді 
енгізу есебінен қол жеткізіледі. 
40 


бит 
МГц 
Бұл 
итерфейстер 
маңызды 
перифериялық 
енгізу-шығару 
құрылғыларының жұмысы үшін қажет. 
Жүйелік шина 
жүйеге кіретін CPU, жады жəне басқа да 
құрылғылар арасында ақпарат алмасуға арналған. Жүйелік шиналарға 
жатады: 

 
GTL, разрядтылығы 64 бит, тактілік жиілігі 66, 100 жəне 133 МГц; 

 
EV6, оның спецификациясы оның тактілік жиілігін 377 МГц дейін 
арттыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет