Берілген функция міндетті емес, сондықтан порттар, перифериялық
құрылғылар мен бағдарламалар оны қолдамауы мүмкін. Ол
деректерді қысқарту режимі ЕСР портымен де, принтермен де
жалғастырылып отырса, жүзеге асырылуы мүмкін. ЕСР портының
көмегімен деректерді жіберу жылдамдығының артуы принтерде
деректерді басып шығару уақытын бірталай қысқартады.
ЕСР жəне ЕРР порттарының функционалдық мүмкіншіліктерінің
артықшылықтарын
қолдану
осы
стандарттардың
бірімен
жабдықталған компьютер болған кезде мүмкін болады.
Тізбекті байланыс
битпен жүзеге асырылады: жеке биттер бір
сым бойынша бірініің артынан бірі тізбектей жіберіледі (немесе
қабылданады), сонымен қатар екі бағытта да деректер алмасу
мүмкін, деректерді жіберу мен қабылдау бірдей тактілік жиілікпен
жүзеге асырылады. Тізбекті интерфейстер үшін жалғанатын
құрылғыларды таңдау біршама кең, сондықтан көпшілік ДК
деректерді тізбектей жіберу үшін əдетте екі интерфейстік
жалғағыштармен жабдықталған. Тізбекті интерфейс үшін стандарт
белгілеу ретінде жиі RS-232, RS-422, RS-465 қолданылады. Тізбекті
интерфейстің жалғағыштары ДК-де 9-байланысты (аша) Sub-D
немесе 25-байланысты Sub-D.
Екі тізбекті интерфейстер арасындағы байланысты орнату үшін
алдын ала оларды конфигурациялау қажет, яғни деректермен
алмасу қалай жүзеге асырылатынын көрсету керек: алмасу
жылдамдығы, деректер форматы, əділдікті бақылау жəне т.б.
Джамперлерді немесе ауыстырып-қосқыштарды тиісті орнату
жолымен аппараттық конфигурациялау қолайсыз, себебі ДК
корпусын ашу керек болады. Тізбекті интерфейсті конфигурациялау
бағдарламалық тəсілмен жүзеге асырылады, Windows ортасы
осындай мүмкіндікті береді.
Достарыңызбен бөлісу: