Intel фирмасының төрт ядролы Kentsfield
процессорлары бір
корпустағы
екі
Conroe
процессорын
бейнелейді.
Осы
процессорлардың
ядросы
Conroe
процессорларының
сипаттамаларына ие, бірақ процессордың 582 млн транзисторлары
болады.
Intel Core туысының процессорларында технологиялық норма —
45 нм жүзеге асырылған. Екі ядролы жəне кэш-жадысы 6 Мбайт
болатын процессор модельдерінде 410 млн транзистор болды, ал 12
Мбайттық төрт ядролы процессор модельдерінде — 820 млн
транзистор болды. Процессорлардың осы қатары əр түрлі тактілік
жиіліктермен (2,1 ... 3,33 ГГц) жəне жүйелік шина тактіліктерімен
(800, 1 066 жəне 1 333 МГц) ерекшеленіп отырды.
Тоғызыншы буын AMD фирмасының процессорлары — Phenom
туысы К-10 микроархитектура базасында жүзеге асырылған. Олар
65 нм технологиялық норма негізінде жасалды. Бұл процессорлар
— төрт ядролы, алдыңғыларынан айырмашылығы барлық төрт
ядролары да бір кристалда орналасқан. Сонымен қатар оларға Intel
Core процессорлардағыдай ендірілген
аналогтық бірқатар жаңа
шешімдер ендірілген.
Оныншы буын процессорларына
Intel Core i7 процессорларын
жатқызады, олар 45 технологиялық норма базасында орындалған,
транзисторлар саны 731 млн кем емес. Intel фирмасының
процессорларды жетілдіру саласында келесі қадамы жаңа
технологиялық нормаға өту – 32 нм. Бұл процессорлар жаңа
атауға— Westmere ие болды.
AMD фирмасының оныншы
буын процессорлары Phenom II,
Phenom II ХА туысы атанды — 45 нм технологиялық процесі
бойынша орындалған төрт ядролы процессорлар. Phenom II ХА
процессоры 758 млн транзисторлардан тұрады жəне үлкейтілген
үшінші деңгейлік кэш-жады болады (2 ... 6 Мбайт).
Архитектураны оңтайландыру жəне 45 нм технологиялық
нормасына өту есебінен AMD фирмасына өз процессорларының
тактілік жиіліктерін 3 ГГц дейін арттыра алды, сонымен қатар
төмен энергия тұтынумен қамтамасыз етіп, Intel процессорларының
бағасы,
өнімділігі
мен
энергия
үнемдеу
қатысындағы
сипаттамаларына жақындауға мүмкіндік жасады.
Intel фирмасымен жасалған процессорлардың он бірінші буыны
Sandy Bridge
жаңа микроархитектурасының негізінде жүзеге
асырылды
.
Процессорлар 32 нм
технологиясы бойынша
орындалады. Әр түрлі модификацияларында ядролар саны 1-ден 8-
ге дейін ауытқиды.
56
Sandy Bridge
кэш-жадының үш деңгейі болады, үшінші деңгей кэш-
жадысының көлемі əр түрлі өкілдерінде 1,0 ... 1,5 ден бастап ауытқиды
(қарапайым бір ядролы Celeron процессорларының) 20 Мбайт дейін
(серверлерге арналған 8-ядролы процессорлар). Процессорларда
интеграцияланған жетілдірілген екі каналды жады контроллері,
жүйелік шина контроллері (чипқа кіріктірілген жүйелік логика
жинағының солтүстік көпірі) жəне графикалық контроллері болады.
Процессордың
барлық
элементтері
(ядролар,
графикалық
контроллер, үш деңгей кэші) 256 биттік
компонент аралық сақиналық
шина көмегімен біріктірілген. Шина төрт 32 байттық сақиналардан
тұрады: деректер шинасы, сұраныстар шинасы, жағдай мониторингі
шинасы жəне растау шинасы. Сақиналық шинаның өнімділігі 96
Гбайт/с жетеді, тактілік жиілігі 3 ГГц, ол алдыңғы буын
процессорларының көрсеткіштерінен төрт есе асып кетеді.
Процессорларда мультимедиялық тапсырмаларда жəне қалқыма
нүктесі бар жоғары тезəрекеттілікті
қамтамасыз ететін жаңа
кеңейтілген векторлар командасының жинағы AVX
(Advanced Vector
Extension)
жүзеге асырылған.
Sandy Bridge
микроархитектурасының
негізінде
Ivy Bridge
процессорлары жасалды, олардың құрылымы да
дəл сондай, бірақ 22 нм технологиясы бойынша орындалады.
АMD фирмасының он бірінші тобының өкілі Bulldozer процессоры
болып табылады. Ол алдыңғы буын AMD процессорларымен
салыстырғанда толықтай қайта өңделген архитектураға ие болады, 16
ядроға дейін, үшінші деңгейлік артылған кэш-жады көлеміне ие. Sandy
Bridge процессорлары сияқты олар да AVX командалар жинағын
сүйемелдейді жəне кристалға интеграцияланған графикалық ядросы
болады. Процессорларға
төртканалды шина
HyperTransport 3.0
негізіндегі
деректерді берудің жақсартылған технологиясы енгізілген
.
Процессор типі шешімін табуға ДК қолданылатын тапсырмалармен
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: