Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет4/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ 
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН 
ЖІКТЕЛУІ 
 
 
1.1.
АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ 
ҚҰРАЛДАРЫ - 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
АППАРАТТЫҚ БАЗИСІ 
 
 
Өзінің даму процесінде адамзат қоғамы материя құпияларына 
өту кезеңдерінен өтті, əр түрлі энергия түрлерін басқаруды үйренді, 
ақпараттандыру дəуіріне енді. Ақпаратты жинау жəне қорландыру 
процестері басым болған кезде XIX ғ. ортасына дейін 
ақпараттандыру құралдары қауырсын, сиясауыт пен қағаз болып 
табылды. Қарапайым ақпараттандыру техникаларының орнына XIX 
ғ. соңында механикалық құралдар келді: басу машинасы, телефон, 
телеграф, ол ақпаратты өңдеу технологиясының түбегейлі 
өзгерістері үшін негіз болып табылды. Тек көп жылдар өткен соң 
ақпаратты есте сақтау мен берудің ақпараттық процестері оны 
өңдеу процесімен толықтырылды. Ол ХХ ғ. екінші жартысында 
ақпараттық технологияларға 
(АТ) бастама салған электрондық 
есептеуіш машиналары (ЭЕМ) сияқты ақпараттық техниканың 
пайда болуымен мүмкін болды. 
Ақпараттық технологиялар мынадай техникалық жетістіктерге 
негізделеді: 

машинамен оқылатын тасымалдағыштарда ақпарат жинаудың 
жаңа құралдары (магниттік ленталар, кинофильмдер, магниттік 
жəне лазерлік дисктер жəне т.б.); 

ақпаратты қашықтықтан беру жүйелері (жергілікті есептеуіш 
желілер, деректерді беру желілері, телефон желісі, радио 
байланыс, спутниктік байланыс жəне т.б.); 

белгіленген алгоритмдер бойынша компьютер көмегімен 
ақпаратты автоматтандырылған түрде өңдеу. 



Ақпараттық 
технологиялар 
аппараттық 
құралдардың, 
бағдарламалық құралдар мен осы құралдарды, компьютерлік 
технологияларды 
құрушы 
шығармашылық 
ойлардың 
үйлесімділігінде құрылатыны сөзсіз. 
Мамандар компьютерлік техниканың аппараттық
құралдарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет