■
ақпараттандырудың техникалық құралдарының өндірісі үшін жаңа
ғылымды қажетсінетін технологияларды құру;
■
басқа да əлеуметтік салдар.
Ғылымда, техникада жəне заманауи қоғамның өмірінде
ақпараттық процестер
(ақпаратты жинау, алмасу, қорландыру,
сақтау, өңдеу мен ұсыну) маңызды роль ойнайды. Олар
ақпараттандырудың
техникалық
құралдары
негізінде
жүзеге
асырылады.
П.1
суретінде
əлемдегі
алдағы
екі
жылға
ақпараттық
технологияларға шығындар болжамы көрсетілген.
Адамзаттың ақпараттандыру құралдары
ретінде жабдықты құруға
шығындары бағдарламалық жабдыққа жəне АҚ-қызметтеріне
жұмсалатын тиісті шығындардан маңызды көлемде басым келеді жəне
тұрақты өсуде
1
.
Ақпараттандырудың заманауи техникалық құралдардың диапазоны
өте кең: үнемі даму үстінде болатын перифериялық құралдары бар
компьютерден бастап телекоммуникациялық құралдарға,
құжаттарды
көшірмелейтін жəне жоятын құрылғыларға дейін. Осы құрылғылардың
қызмет етуі негізіне салынған физикалық принциптердің алуан
түрлілігі
кем
емес.
Ақпаратты
өңдеу
мен
басқарудың
автоматтандырылған
жүйелері,
есептеуіш
техника
мен
автоматтандырылған
жүйелердің
бағдарламалық
жабдығы
саласындағы мамандары қай салада жұмыс істемесе де олар тек
пайдаланушылар ретінде ғана емес, сонымен бірге ақпараттандырудың
техникалық
құралдарының
жұмыс
жасау
принципімен,
конструкциясымен, өндіріс технологиясымен,
қолдану ережелерімен
жəне таңдау негіздерімен таныс болуы тиіс.
Сур. П.1. Ақпараттық технологияларға жұмсалатын шығындардың болжамы
1
Агапов
В.,
Пратусевич
В.,
Яковлев С.
Әлемдік жəне ресейлік ақпараттық
технологиялар нарығына шолу жəне бағалау. IDC PBK. — М. : 2014.
5
Ақпараттандырудың
техникалық
құралдарының
сипатты
артықшылығы тұрақты даму, жетілдірілу, ертеректе болып көрмеген
мүмкіншіліктерді жүзеге асырушы жаңа
құрылғылардың пайда болуы
болып табылады. Техниканың кейбір нұсқалары нарыққа түсіп
үлгерместен сапалық жағынан ескіреді. Осыған байланысты берілген
оқулықты жазу барысында авторлар жеке модельдердің техникалық
сипаттамалары мен конструктивті шешімдерін толық қарастырмай, өз
алдына əр түрлі ақпараттандырудың техникалық құралдарының жұмыс
істеу принципі мен сипаттамалары туралы жалпы түсінік
беруді
тапсырма етіп қойды.
1 бөлімде ақпараттандырудың техникалық құралдарының жалпы
сипаттамалары компьютермен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін
құрылғы
ретінде
баяндалған.
2
бөлім
заманауи
дербес
компьютерлердің тарихын, жіктелуі мен техникалық сипаттамаларын
қысқаша баяндауға арналған. 3 — 7
бөлімдер енгізу-шығару, сақтау
мен мəтіндік, сандық, аудио- жəне бейнеақпараттарды əр түрлі
тасымалдағыштарда өңдеу құрылғыларына арналған. 8 бөлімде
ақпаратты қашықтықтан берудің заманауи жүйелері қарастырылған. 9
бөлім ақпаратты қатқыл тасымалдағыштарда көшіретін құралдарға
арналған, 10 бөлімде ақпараттандырдың
техникалық құралдарын
қолдану кезінде жұмыс орындарын ұйымдастыру сұрақтары
қарастырылған.
Авторлар И. Н. Гребенюкке, Н. Н. Гребенюк пен А. Н. Гребенюкке
жан-жақты көмек жасағаны жəне оқулықты дайындаған кезде қолдау
көрсеткені үшін ризашылығын білдіреді.
6