3.2.
ИІЛГІШ ДИСКТЕРДЕГІ ЖИНАҚТАУЫШТАР
Иілгіш дисктердегі жинақтауыштар ақпаратты ұзақ сақтау
құрылғыларына жатқызылады. Алғашқы иілгіш магнит диск (ИМД)
1971 ж. А.Шугарт жетекшілік еткен IBM фирмасының
зертханасында жасалды жəне оның диаметрі 8" болды. 1975 ж.
бастап 5,25" форматтағы дискжетектердің сериялық шығарылымы
басталды, ал 1981 ж. стандарт болып диаметрі 3,5" дисктер
қалыптасты. Ақпаратты ИМД-тен жазу жəне оқу үшін ДК
перифериялық құрылғылары қолданылады —
дискжетектер
(Floppy Disk Drive
— FDD).
Конструктивті түрде дискжетек механикалық жəне электрондық
түйіндерден: жұмыс қозғалтқышы, жұмыс қалпақшасы, қадамдық
қозғалтқышы мен басқарушы электроникадан тұрады.
Жұмыс қозғалтқышы
дискжетекке дискета қойылған кезде ғана
қосылады. Қозғалтқыш дискетаның тұрақты айналу жылдамдығын
қамтамасыз етеді: дискжетек үшін 3,5" — 300 айн/мин.
Жұмыс қалпақшалары
ақпаратты оқу жəне жазу үшін
қолданылады жəне дискетаның жұмыс бетінің үстінде орналасады.
Дискеталар екіжақты болғандықтан, яғни екі жұмыс беті
болғандықтан бір қалпақшасы жоғарғы. ал екіншісі –дискетаның
төменгі бетіне арналған.
Қадамдық
қозғалтқыштар
жұмыс
қалпақшаларының
позициялануы мен қозғалысын қамтамасыз етеді. Олар жетектің
жұмысқабілеттілігін тексеру үшін қалпақшаларын ауыстыра
отырып ДК қосылған кезде сипатты дыбыс шығарады.
76
Дискжетектің
б
асқарушы электрондық элементтері
əдетте
оның
астыңғы
жағында
орналасады.
Олар
сигналдарды
контроллерге жіберу функциясын атқарады, яғни оқылатын
ақпараттың түрленуіне немесе қалпақшаларын жазуға жауап береді.
3.2
суретте өлшемді дискета құрылғысы көрсетілген. Футляр
ішінде (корпусы) магнит қабаты жүргізілген пластмасса диск –
магнит диск бар. Барлық футлярларда дискті механикалық
зақымданулардан қорғауға арналған жеңіл орын ауыстыратын
пердешесі бар ойық болады. Дискжетекке дискетаны орналастырып
болған соң пердеше автоматты түрде жылжиды жəне оқу-жазу
қалпақшалары үшін дискке рұқсат береді. Дисктің өзі тұрақты
футляр ішінде айналып тұратындықтан, қалпақшалары дискетаның
барлық аймағын оның бетімен тұрақты байланыста бола тұрып
«қарап тұрады».
Магниттік
дисктер
ақпаратты
тікелей
рұқсаты
бар
тасымалдағыштар
деп
аталады,
себебі
дисктің
жоғары
жылдамдықпен айналу салдарынан оқу-жазу қалпақшалары
астынан оның кез келген бөлігін орын алмастыру мүмкіндігі бар.
Сонымен. жазылған деректердің кез келген бөлігіне тікелей
жүгінуге болады. Оған арнайы дисктік жады ұйымы ықпал
жасайды, соған сəйкес дисктің ақпараттық кеңістігі форматталады,
яғни белгілі учаскелерге: жолдар мен секторларға бөлінеді.
3.2
-сурет
. 3,5" өлшемді дискета құрылғысы
77
|