Нəтижесінде сигнал сипатталарының нашарлауын болдырмауға
болады жəне оның қабаттар саны артқан кезде сапасы шамалы
төмендейді. Теориялық түрде жүздеген қабаттар саны кезінде
сигналдың қатты бұрмалануы болмайды. Оқу кезінде лазер белгілі
бір қабатқа фокустеледі жəне оның
флуоресценттік элементтерін
қоздырады,
содан
соң
ол
жарқырау
фотодетекторымен
қабылданады. Көк лазерді қолданған кезде (толқын ұзындығы 480
нм) ақпарат жазбасының тығыздығының бір FM-дисктегі
ақпаратың бірнеше гигабайттарға артуы байқалады. FMD
форматының маңызды ерекшелігі ол оның көпқабатты дисктен
бірнеше қабаттарынан бірдей параллель оқу мүмкіндігінде
тұжырымдалады. Сонымен қатар биттердің тізбектелуін жолдың
бойлай емес, тереңдігінде жазу кезінде қабаттар бойынша біршама
деректерді таңдау жылдамдығы артады.
Осы FM дисктердің
үшөлшемділігін анықтайды.
FM дисктердің шебер-көшірмелерін дайындау процесі CD/DVD
үшін ұқсас болып табылады. Алайда FMD технологиясында питтің
нақты формасын алу өте маңызды, себебі артынша оның
флуоресцентті материалмен толтырылуы жүргізіледі.
Жазатын FM дисктердің белсенді жасалуы жүруде. C3D
фирмасының мамандары өз дисктерінің жазудың екі нұсқасын
ұсынады: термиялық жəне химиялық.
Термиялық принцип бастапқыда
флуоресцентті қасиетке ие
болатын материалды қолдануға негізделген. Жазба процесінде
лазердің термиялық əсер етуіне түсетін учаскелер осы қасиетін
жоғалтады.
Химиялық принцип флуоресцентті қасиетке ие болмайтын
материалды қолдануға негізделген. Жазатын лазердің əсері
фотохимиялық реакцияға əкеліп
соқтырады, нəтижесінде белгілі
учаскелер флуоресцентті қасиетке ие болады. Мұндай реакцияны
қоздыру үшін аз қуатты лазер немесе қарапайым жарықдиод
жеткілікті. Жарықдиодты матрицаны
қолдану тұтас массивті
ақпаратты біруақытта жазуға мүмкіндік береді, ол процесті
жылдамдатады.
Constellation 3D компаниясының диск өнімдерінің алғашқы
буыны болып 120-миллиметрлік көп қабатты FM-дисктер
туыстығы
табылады, сыйымдылығы 140 Гбайт дейін жəне оқу
жылдамдығы секундына 1 Гбит дейін. Жаңа дисктер мысалы
HDTV форматтағы 20 сағатқа дейін сығымдалған фильмдерді
сыйғыза алады.
103