Голографикалық дисктің тасымалдағышының диаметрі 130 мм,
стандартты компакт-дисктен немесе DVD-ден сəл үлкендеу.
Жарық осы материалға түскен кезде фотондар түзетін, деректерді
жазатын химиялық реакция жүреді. Осы процесс қайтарымсыз,
сондықтан процесс кезінде де
сақтау кезінде де жазбаның
тұтастығына кепіл болатын қосымша қорғаныш құралдарын жасау
қажет болды.
Деректерді рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғау үшін
физикалық, логикалық бірнеше əдістер қолданылады.
Әрбір дисктің деректер картасын сақтауға арналған, FAT –
қатқыл диск жүйесіне ұқсас кіріктірілген чипі болады. Осы
кітапханада деректердің партиялары, форматы мен қалыптары
туралы деректер сақталады. Дискті құрылғыға орнатқан кезде ең
алдымен осы чиптен ақпаратты оқу жүргізіледі. Егер осы деректер
жоғалған болса, ақпаратты оқу қиынға түседі, мүмкін болмайды.
Осы деректер картасы криптеу əдісімен шифрленуі мүмкін,
сондықтан оларға қол жеткізуге тек ақпарат иесі ғана құқылы.
Тиімді қорғаныш құралы —
лазер толқынының ұзындығын
өзгерту. Лазер толқынының ұзындығын шамалы өзгерту лазер
толқынынң басқа ұзындығына бағдарланған басқа жетектермен
деректерді оқудан қорғауға мүмкіндік береді. Лазер толқыны
ұзындығы 403 ...407 нм аралықта болуы мүмкін.
Ең тиімді қорғаныш құралы — фазалық маска. Әдістің мəні
мынада, жетек деректерді алып жүретін лазер сəулесі жолында
белгілі бір масканы сала алуында. Осы маска жазба кезінде де,
деректерді оқыған кезде де қажет болады. Фазалық масканы
пайдаланып болған соң стандарт жетектерде деректерді оқу мүмкін
болмайды, өйткені əрбір маска бірегей: ол кездейсоқ сандар
генераторын пайдаланумен қалыптасады. Осы
функция арнайы
тапсырыс бойынша кейбір жетектерде орнатылады. Сонымен
голографикалық дисктерде деректерді
сақтау рұқсатсыз қол
жеткізуден қорғауға кепіл береді.
InPhase американдық компаниясы Tapestry HDS- 300R — 300-
гигабайттық голографикалық дисктер негізіндегі винчестерді
анонстады. Қалындығы 1,5 мм голографикалық дисктердің оқу
жылдамдығы 20 Мбайт/с. Голографикалық дисктің сыйымдылығы
2010 ж. 500 Гбайт болуы керек еді. InPhase Technologies
компаниясы жазба тығыздығының жаңа деңгейіне – шаршы
дюймге 515 Гбит қол жеткізілгендігі туралы мəлімдеді.
Стандартты 120-мм дискке қатысты ол көлемі 500
Гбайт екенін
білдіреді.
101
Сонымен голографикалық дискке 106 бірқабатты DVD-ге
эквивалентті болатын ақпарат жазыла алатыны белгілі болды.
Бірақ голографикалық тасымалдағыш сериялық өндіріске
түсірілмеді.
3.5.2.
Достарыңызбен бөлісу: