Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Мультимедиялық проекторлар



Pdf көрінісі
бет77/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

 
Мультимедиялық проекторлар 
 
Мультимедиялық проекторда проекциялау шамы, СК-матрица мен 
оптикалық жүйе бір корпуста құрылымдық түрде орнатылады. 
Мульмедиялық проектор əрекет ету принципі бойынша оверхед- 
проектордан ерекшеленбейді: ДК видеоадаптерының сигналымен 
басқарылатын проекторға кіріктірілген электронды-оптикалық модулятор 
жəне қуатты проекциялаушы шам көмегімен кескін түзіледі, содан кейін 
оптикалық 
жүйе 
арқылы 
сыртқы 
экранға 
проекцияланады. 
Мультимедиялық проекторлардың негізгі ерекшелігі модулятор құрылымы 
жəне экранға кескінді ауыстыру, тұрғызу əдістері болып табылады. 
Модулятрдың құрылымына байланысты проекторлар келесі типті болады: 
TFT-проекторлар, 
полисиликондық проекторлар жəне DMD/DLP- 
проекторлар. 
Модулятордың 
жарықтандыру 
тәсіліне 
байланысты 
мультимедиялық 
проекторларды 
жарықтандырылған 
жəне 
шағылдырғыштық деп бөледі. 
Жарықтандырылған типті проекторларға жататын 
TFT-проекторларда 
модулятор ретінде шағын түрлі-түсті белсенді СК-матрица 
146 


4.13
-сурет. Жарықтандырылған типті мультимедиялық TFT-проектордың əрекет ету 
принципі проекциялаушы шам, конденсор
қолданылады, ол технологиясы TFT бойынша жасалған. 
Жарықтандырылған типті мультимедиялық TFT-проектордың 
əрекет ету принципін 4.13-сурет көрсетеді. 
Қондырудың негізгі элементі жазықпанельді түрлі-түсті 
монитордың СК-экраны секілді TFT технологиясы бойынша 
жасалған шағын СК-матрица болып табылады. СК-матрицаның 
бетінің біркелкі жарықтануы конденсор деп аталатын линзалар 
жүйесін қолдану арқылы қол жеткізіледі. 
Полисиликонды 
мультимедиялық 
проекторлар 
да 
жарықтандырылған типті проекторларға жатады жəне өте жарық 
кескінді қамтамасыз етеді. Оларда бір түрлі-түсті TFT-матрица 
емес, өлшемі шамамен 1,3" үш монохромды шағын СК-матрицалар 
қолданылады. Матрицалардың əрқайсысы қызыл, жасыл немесе көк 
түсті монохромды кескінді қалыптастырады. Проектордың 
оптикалық жүйесі 4.14-суретте көрсетілгендей, үш монохромды 
кескіннің қиысуын қамтамасыз етеді, нəтижесінде түрлі-түсті кескін 
қалыптасады. Мұндай технология полисиликонды атауын алды 
(p- 
Si). 
Полисиликонды матрицаның əр элементінде тек қана бір 
жұқапленкалы транзистор болады, сондықтан оның өлшемі TFT- 
матрицасының элементінің өлшемінен аз, ол кескіннің айқындығын 
арттыруға мүмкіндік береді. 
Екі дихроилы 
(D
1

D
2
) жəне бір кəдімгі 
(N
1

айнадан тұратын 
полисиликонды проектордың 
түсбөліну жүйесі 
проекциялаушы 
шамның ақ жарығын үш құрауыш негізгі түстерге ажырату үшін 
қолданылады (қызыл, жасыл, көк). Үш монохромды матрицаның 
əрқайсысына сəйкес түсті жарық ағынын беру үшін түсбөлінуді 
орындау қажет. Дихроялық (түсбөліну) айна тек қана толқынның 
бір ұзындықты жарығын (бір түс) өткізеді жəне диэлектрлі 
материалдан жұқа пленка түрінде түсірілген жақсы тегістелген 
шыны төсенішті береді. 
147 


4.14
-сурет. Жарықтандырылған типті полисиликонды мульмедиялық проектордың 
əрекет ету принципі
Полисиликонды проектордың 
түс ығысу жүйесі 
екі дихройлы (D
3
, D
4

жəне бір шағылдырғыш (N
2
) айнадан тұрады жəне сəйкес СК- 
матрицалармен жасалатын басқа үш монохромды кескінге біреуін 
қабаттастыру жолымен түрлі түсті кескін алу үшін қызмет етеді. 
Полисиликонды 
проекторлар 
TFT-матрицалар 
негізіндегі 
проекторлармен салыстырғанда кескіннің жоғары сапасын, түстердің 
жарықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді. Олар жұмыста өте сенімді 
жəне көп бұзылмайды, себебі үш СК-матрица біреуіне қарағанда аз 
шиеленіскен жылу режимінде жұмыс жасайды. Осының арқасында 
полисиликонды проекторларды конференц-залдар, кинотеатрлар секілді 
ғимараттарда үлкен экранға кескінді проекциялау кезінде қолдануға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет