Видеожадының бұл облысын видеобет деп атайды. Видеобет
кадрлы буфердың графикалық режиміндегі аналогы болып
табылады, бірақ көлемі айтарлықтай кіші.
Ең көп таралған мəтіндік режимде (80 х 25 символ) видеобеттің
өлшемі 4 000 байтты құрайды, 40 х 25 режимінде — 2 000 байт.
Тəжірибеде адрестеу ыңғайлылығы үшін видеобетке сəйкесінше 4
кбайт = 4 096 байт жəне 2 кбайт = 2 048 байт бөледі, бұл кезде
«артық» байттар (96 мен 48) қолданылмайды.
Мəтіндік режимнің басты ерекшелігі экранның адрестелетін
элементі пиксель емес, белгі орны болып табылады. Басқа сөзбен
айтқанда, мəтіндік режимде экранның кез келген орнында кез
келген кескінді қалыптастыру мүмкін емес – тек қана берілген
жиынтықтан, тек қана тағайындалған таңбалы орындарда
таңбаларды көрсетуге болады.
Мəтіндік режимнің басқа маңызды шектеуі тар түс бояуы болып
табылады – берілген режимде 16 артық емес түс бейнеленеді.
Осылайша, мəтіндік режимде графикалыққа қарағанда,
ақпаратты бейнелеу үшін барынша аз мүмкіндіктер ұсынылады.
Алайда мəтіндік режимнің маңынды артықшылығы – оны жүзеге
асыру үшін ПК ресурстарының аз шығыны.
Аса жоғары ажыратымдыққа жəне түстің үлкен тереңдігіне көшу
енгізу-шығару шинасы мен орталық процессордың жүктемесінің
көбеюіне əкелді. Орталық процессордың босату мақсатында кескін
тұрғызудың бөлек тапсырмаларын шешу графикалық үдеткіш,
немесе
акселератор
деп
аталатын
видеоадаптердың
микросхемасының мамандандырылған жиынтығына
(Chipset)
жүктелді. Акселератор кескін тұрғызуға бағытталған амалдар
қатарын аппаратты жолмен орындайды.
4.4.2.
Достарыңызбен бөлісу: